Жуырда аудан әкімшілігінің үлкен залында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының есептік-сайлау жиналысы өтті.
Жуырда аудан әкімшілігінің үлкен залында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының есептік-сайлау жиналысы өтті.
Бұл есептік-сайлау жиналысына 100 делегат шақырылды. Жиынды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Шажабаев жүргізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша көпшіліктің дауыс беруі арқылы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше төрайымы болып Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Байсариева Қымбат Нұржанқызы сайланды.
Осы бөлімшесінің 2016-2017 жылдары атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі және «Жас Отан» жастар қанатының 2018 жылы атқарылатын жұмыс жоспары жөнінде Қымбат Байсариева кеңінен баяндама жасады. Сонымен қатар, жиында талқыланатын негізгі тақырыптың бірі – «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды іске асырудағы жастардың үлесі жайында «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Болатхан Таңжарық сөз сөйледі. Төртінші кезекте қаралған мәселе бойынша 2017 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Алматы облыстық «Жас Отан» жастар қанатының есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау мәселесі бойынша Алматы облыстық «Жас Отан» жастар қанатының квотасы бойынша 10 делегат дауыс беру арқылы сайланды. Жиын соңында Жұмабек Шажабаев жаңадан сайланған Қымбат Нұржанқызына және делегаттарға сәттілік тіледі.
Бақтияр Айталы
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!