BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс депутаттары Норвегиялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева бастаған делегация Норвегия Корольдығында іс-сапармен жүр. Делегация құрамында Парламент Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова, Наталья Жұмәділдаева, орталық және жергілікті атқарушы, құқық қорғау және сот органдарының, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері бар.

Сапар мақсаты Қазақстан Республикасында балаларға қатысты заң жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, бала құқықтарын қорғау және мониторинг жүргізу саласында, мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара қарым-қатынасы, қылмыс құрбандары мен куәгерлері болған балаларды қорғаудың механизмдері бойынша тәжірибе алмасу.

Сапардың бірінші күнінде Норвегиядағы Қазақстан елшісі Қ. Әбусейтов мырзамен және Норвегиядағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Анне Линдбоуе ханыммен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, ҚР делегациясы сыртқы істер, балалар, теңдік және интеграция, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, әділет министрліктеріне, ЮНИСЕФ үйлестіру орталығына, Орталық Азия бюросына, бала құқықтары жөніндегі үйлестіру орталығына, Парламентке, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институтына, полиция жанындағы балалар үйіне, Прокуратурға, Норвегияның сот басқармасына, Осло және Акерсхуса университеттік колледжіне барды.

Сапар БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер