Қалтқысыз қызмет – абыройлы міндет - Апта тынысы|23 Қыркүйек 2017, 10:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қалтқысыз қызмет – абыройлы міндет

Фото: Бақтияр Айталы

Жуырда грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жақсылық Үшкемпіров Ұлттық Ұланның Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде қонақта болып, «Әскери бөлімнің құрметті қонақтары»
кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.

Бұнымен қоса Жақсылық Әмірәліұлы әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып қана қоймай, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздармен кездесіп, оларды Анттарына адал болуға, халқына қалтқысыз қызмет етуге шақырды.
Ол өз сөзінде: «Мен бұл әскери бөлімді бұрыннан білемін, осында бұрын да болғанмын, сондықтан әскери бөлімге қандай жүк артылып, қандай міндеттер атқаратынын ел қатарлы жақсы білемін. Ұлттық Ұлан қатарына кіргелі де даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы атындағы бұл әскери бөлім өз абыройына кір келтірген емес, қайта күн санап ілгерілеп келеді. Сарбаздары да мығым, кез келген міндеттерді атқаруға әзір екенін үнемі дәлелдеуде», – деп, кез келген төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет етіп, халқының қорғанына айналған ұландық құтқарушыларға алғысын білдірді.

Айдос Сағындықұлы,
лейтенант.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер