Ел ерімен еңселі - Апта тынысы|13 Қараша 2017, 10:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ел ерімен еңселі

Фото: Елдар Жақыпбек

Бейсенбі күні Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында полиция сапында жұмыс жасап, қызмет барысында қаза тапқан ішкі істер бөлімі қызметкерлеріне ескерткіш тақта қойылды.

Бұл шараға Алматы облысы бойынша ішкі істер департаментінің басқарма басшылары, қалалық, аудандық ішкі істер басқарма басшылары, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы, қызмет бабында қаза тапқан ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ата-аналары мен зейнетке шыққан ІІБ-нің зейнеткерлері қатысты. Облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бейбіт Келгенбаев жеке құрамды сапқа тұрғызып, облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрмұхановқа баяндама жасады. Баяндама жасағаннан кейін сөз алған Мұрат Ұрмұханов: «Бүгін біз ақындар мен батырлар елі атанған қызыр мен құт дарыған Жамбыл ауданына келіп, бірнеше қуанышты сәттің куәгері болып отырмыз. Соның бірі қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіш болса, екіншісі атыс-тир ғимараты, үшіншісі арнайы жабдықтарды сақтау қоймасы және көші-қон полициясы қызметкерлерінің азаматтарды 5 терезеде бір мезгілде қабылдауға мүмкіндік беретін халыққа қызмет көрсету бөлмесі. Аудандық ішкі істер бөліміне көңіл бөліп, осындай сәні мен салтанаты жарасқан ғимарат салып беруге атсалысқан аудан әкімі мен демеушілерге барлық қызметкерлеріміздің атынан алғыс айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп тілегін білдіріп, осы игі іс-шараға атсалысқан, демеушілік білдірген азаматтар мен қызмет барысында жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше полиция қызметкерлерін, зейнет жасындағы полиция зейнеткерлерін алғыс хаттармен, құрмет грамоталармен марапаттады.
Генерал-майордан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ертас: «Бүгінгі ашылып отырған ескерткіш рухымыздың жасампаздығы мен жарқын болашаққа жол сілтер көкжиегіміздің үйлесімдігі, жалпыұлттық патриотизмнің өзегі іспеттес. «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды», – деп дана халқымыз айтпақшы, осындай ескерткіштер арқылы бүгінгі ұрпақ өткенді ұмытпай, келешекке бағдар алып, мәңгілік жаңғыра береді. Бұл ескерткіш айбындылық пен патриотизмнің өшпес үлгісі, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың символы болып қана қоймай, жас буынға өр рух беретіні сөзсіз. Бүгін біз ескерткіш таспен қатар, заманауи талаптарға сай келетін атқыштар тирінің, жасақтың киім сақтайтын арнаулы орнының, көші-қон полициясы қызметкерлерінің азаматтарды 5 терезеде бір мезгілде қабыл-дауына мүмкіндік беретін халыққа қызмет көрсету бөлмесі мен полиция қызметкерлері сапқа тұратын алаңшаның салтанатты ашылу құрметіне келіп отырмыз. Осындай істерге мұрындық болып, қаржылай қолдау көрсеткен «Ақтерек» ШҚ-ның басшысы, «Құрмет» орденінің иегері, ауданымыздың Құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың депутаты Темірлан Шайнүсіповке, «Дортех-монтажсервис» ЖШС-нің директоры, «Құрмет» орденінің иегері, ауданымыздың Құрметті азаматы Виталий Гринченкоға, «Жол» ЖШС-нің директоры Сергей Гейдаровқа, «Тәуекел Газ» ЖШС-нің директоры Данияр Нұрбаевқа зор ықыласпен алғыс айта отырып, ризашылығымызды білідіреміз», – деп алғыс айтып, келген қонақтарды құттықтады.
Аудан әкімінің орынбасарынан кейін Алматы облысының ішкі істер департаменті-нің оңтүстік өңірі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Бүйенбаев пен ішкі істер органы қызметкерлері ата-аналарының атынан Айгүл Смағұловалар сөз сөйлеп, жиналған көпшілікке аналық алғыстарын айтып, баталарын берді.
Ескерткіш тақта мен атыс-тир ғимаратын, арнайы жабдықтарды сақтау қоймасын, көші-қон полициясы үшін салынған бір мезетте 5 терезеден қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету бөлмесін салтанатты түрде ашқан облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрмұханов пен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ертас келген қонақтарға ғимараттарды таныстырып өтті. Өз кезегінде Мұрат Ұрмұханов атыс тирінің сапасын бақылау мақсатында сынақтан өткізіп, жоғары баға берді.


Елдар Жақыпбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер