АЛМАТЫҒА ПОЙЫЗБЕН БАРАТЫН БОЛДЫҚ - Апта тынысы|16 Тамыз 2017, 17:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АЛМАТЫҒА ПОЙЫЗБЕН БАРАТЫН БОЛДЫҚ

Бүгін Алматы қаласы мен Қазыбек бек бекетіне қатынайтын пойыздың алғашқы легі келіп тоқтады. Осы күні пойызды ауылдың жасы мен кәрісі асыға күткені байқалды. Себебі, осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары мен ауылға жақын маңдағы елдімекен азаматтары қалаға қатынау үшін жолдан такси ұстап шаш етектен шығынға бататын еді. Шығын мен Алтын орда кептелісінен зарыққан жұрт осы күні келген пойызды жас балаша қуанып қарсы алды.

Зоя Мүкеева Теміржол селолық округі аналар алқасының төрайымы: КСРО кезінде біздің ауылдан қалаға жүретін пойыз бар еді, кейін тоқырау заман келгенде ол тоқтап қалды. Сол пойыз тоқтағаннан кейін бәріміз Ұзынағаш арқылы таксиге түскеніміз таксиге, автобусқа түскеніміз автобусқа отырып сонау аудан орталығын айналып бірақ Алматыға баратын едік. Біз сөйтіп жол азабын көп тарттық. Енді міне бүгін ауылымызға қалааралық пойыз келгеніне бәріміз бір кісідей қуанып жатырмыз. Себебі, бұл біріншіден біздің қалада оқитын студенттеріміз бен сол жақта жұмыс істейтін ауыл жастарына тиімді болып тұр. Тіпті балаларын қалада пәтерде тұрғызып, оқытуға қаржылай шамасы келмейтін ауыл азаматтарына үлкен көмек болатын болды. Таңертең ауылдан шыққан пойыз таңғы 8:30 дар шамасында дәл қаланың ортасына баратыны біз үшін бір ғанибет. Елдің қамын ойлап, бізге осындай жағдай жасап отырған басшыларға ауыл аналары атынан ақ батамды беремін,-деді.

Оңайбай Мырзабеков ауыл тұрғыны: Міне бүгін біз көптен күткен арманымызға қол жеткіздік. Мынандай заманауи пойызбен ауыл мен Алматы арасында жүру бізге зор мәртебе дер ем. Менің қалада жұмыс істейтін балаларыма бұл жеңіл болатын болды. Өйткені, таксимен күнде ауылдан қалаға қатынау үшін 1000-1500 теңге төлейтін олар енді 80 теңгемен ғана бара алатын болды. Біздің бақытымызға келген бұл жүрдек пойыз енді тоқтамаса екен деп тілейміз,-деді.

Ерсін Кеңесбекұлы Сабырханов «Тұран Экспресс» жолаушылар тасымалы компаниясы бас директорының орынбасары: Бүгінгі күннен бастап аудандарыңызға келген пойыз бұдан былай қысы-жазы тоқтамастан екі мезгілде Қазыбек бек пен «Алматы 2» теміржол бекеттерінде қатынайтын болады. Қазыбек бек бекетінен таңғы 6 да шыққан пойыз 7:58 де Алматы қаласының ортасына бірақ барады. Осы аралықта жүрген халық небәрі 80 теңгемен қалаға, қаладан ауылға қатынауға мүмкіндік алады. Ал, кешке 18:43-те «Алматы 2» теміржол бекетінен шыққан пойыз 20:30 дар шамасында «Қазыбек бек» бекетінде келеді. Сонымен қатар Алматы мен Қазыбек бек бекетінің арасындағы «Бұрындай», «Жыңғылды», «Шамалған», «Ақсеңгір» сынды қалаға қатынауы қиын болып отырған бекеттердегі ауыл адамдары қатынайтын болады осы пойыз арқылы. Бұл бағытта шыққан пойыз Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Тұран Экспресс» жолаушылар тасымалы компаниясының басшысы Роман Бейдалыұлы Ботабековтың ұйымдастыруымен құрылған әлеуметтік жоба. Өздеріңіз көріп тұрғандай жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Ішінде салқындатқыш пен теледидар,тамақ ішуге арналған жиналмалы орындықтар мен ұзақ жолға жүруге қолайлы орындықтар,экологиялық биодәретханалар сияқты құрылғылар орнатылған.Бұл аралықта жүретін пойыздан біздің компанияға халықтан түсетін ақшаның пайдасы кемде-кем. Біз пайда үшін емес, халықтың игілігі үшін жұмыс жасаудамыз. Сол үшін халық алдағы уақытта пойыз тоқтап қалады-ау деген күдіктен ада болса екен. Пойыз енді тоқтамайды деп нық сеніммен айта аламын,-деп ауыл мен аудан халқын құлағдар етіп, қуанышты хабарымен бөлісті.

Бұл қуанышты хабарға Ақсеңгір, Жайсаң, Көкдала, Таран ауылының тұрғындары да дән риза. Қаражат пен уақытты үнемдейтін болдық дейді ауыл тұрғындары. Бір бағытқа қарай бір жарым сағат пойызбен жүрген кептелісте тұрып,шаршағаннан гөрі әлдеқайда жақсы дейді олар.

Елдар Жақыпбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер