BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зор сеніммен жарқын болашаққа

Таяуда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XIX есеп беру -сайлау конференциясы болды. Оған арнайы шақырылған партия делегаттары, мекеме басшылары, ардагерлер мен қалалық және ауылдық округ әкімдері, халық қалаулылары және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Ш.Құрбанов ашып, жүргізіп отырды. Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Панфилов аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2015- 2016 жылдардағы атқарған жұмысы туралы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Досмайлов баяндама жасады. Баяндамада 9 партиялық жоба- ны жүзеге асыру, қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру жолға қойылып, партия қатары жаңа мүшелермен толыққаны туралы айтылды. Бүгінгі таңда аудандағы 19 бастауыш партия ұйымында 8438 мүше бар. Олардың ішінде «Көктал», «Денсаулық», «Жаркент, «Алтынкөл» бастауыш партия ұйымдары үлгілі деп танылуда. Баяндамада партиялық кабинеттердің кейбіреуі талапқа сай безендірілмегендігі, жабдықталмағандығы атап айтылды. Сондай-ақ фракция жетекшісі М.Әжібеков мүшелерімен бірге өздеріне жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен атқарғандығы баяндалды. «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын бақылайтын 5 тұрақты комиссия жұмыс істеуде. «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік- экономикалық қоғамдық-саяси дамуына арналған 9 жобасы аудан тұрғындары арасында кеңінен насихатталып, өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» жобасы, «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы іске асырылуда. Сонымен бірге түрлі акциялар өткізіліп, бұл салада белсенділік танытуда. Партияның аудандық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасап келеді. «Үлкенге -құрмет, кішіге-ізет» көрсетуді керек деп білген аудандық партия ұйымы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының жүзеге асуын қолға алған. «Жастар Отанға» , «Сәтті қадам», «Айқын тариф» партиялық жобалар аясында түрлі шаралар жүргізілуде. «Ұлы дала елі» партиялық жобасы аясында «Алтынкөл» бастауыш партия ұйымының аудан спортына демеушілік көрсетуі баршаға үлгі боларлық іс. Баяндамашы сөз соңында татулық, бірлік, ынтымақ біз үшін бүгін де, ертең де, арғы күндерде де керек екенін айтты. Мандат комиссиясының төрағасы Е.Нарынбаев ха- барлама жасағаннан кейін баяндама бсйынша жарыссөзге Жаркент орта мектебінің директоры М.Әжібеков, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры С.Темірбаева, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Р.Тохтахунов, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледж студенті А.Мирзакирова, тағы басқалары өз ойларын айтып, бір жылғы атқарылған жұмыстар бойынша жасалынған баяндамаға қанағаттанарлық деген баға берілді. Конференцияда екінші мәселе бойынша 21 адам аудандық партия филиалы саяси кеңесіне мүше болып сайланды. Үшінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасы болып аудан әкімі Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев бірауыздан қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша Алматы облыстық партия филиалының XIX есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Сондай-ақ бюро құрамы сайланды. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы республикалық саяси кеңесінің мүшесі Р.Салықова сөз сөйлеп, конференция жұмысына жоғары баға берді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XIX есеп беру-беру-сайлау конференциясында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Жұмағазы БЕИСЕБЕК.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер