BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Партияның XVIII есеп беру-сайлау конференциясы

­­Өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Сарысу аудандық филиалының XVIII есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. есеп беру-сайлау конференциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Конференцияға партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тоқтасынұлы Тілеумұрат, партия Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Сембек Әбетайұлы Сейдазімов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бұрынғы төрағасы Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қайратұлы Құлыбеков, партияның аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихаттың хатшысы және бірқатар аудандық мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшылары, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен шаруақожалықтарының басшылары, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, партия аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар Қанатының белсенділері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің 2014 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың қарашасы аралығында атқарған жұмысы туралы есебі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиалының төрағасын сайлау, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХVIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесіне конференцияның кейбір өкілеттіктерін беру туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бұрынғы төрағасы Бейбітбек Жайлыбаев баяндама жасады:

-Тәуелсіз Қазақстанды күрделі кезеңде тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді сақтаған, экономикалық жағдайы күн санап қарыштай дамыған, дамудың өзіндік жаңа жолын тапқан мемлекет ретінде бүкіл дүние жүзі мемлекеттері мойындап отыр,-деді баяндамашы. Осының барлығы мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген де кемеңгер саясатының арқасында мүмкін болғандығы бүгінгі күннің шындығы.

«Нұр Отан» партиясының XVІІ съезінде партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев жас тәуелсіз мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерінде біздің партияның сүбелі үлесі бар екенін, атқарылған жұмыстардың барлығында «Нұр Отан» партиясы көшбасшылық танытып, қоғамдағы әр түрлі күштердің ұйытқысына айналғанын айтып өткен болатын.

2014-2016 жылдары саяси ұйымымыздың тұғырлы бағдарламалық құжаттары қабылданып, қоғам талабы ескеріле отырып, партиялық жобалар форматында негізгі жұмыс бағыттары айқындалды. «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді жалпы ұлттық стратегиямызды қабылдадық. биылғы жылы қаңтар айында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІ құрылтайында партияның алдағы бес жылға арналған Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық жаңа сайлауалды бағдарламасын қабылдадық.

Есепті кезең аралығында аудандық партия филиалы Саяси кеңесі тарапынан партиямыздың бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша, Елбасы, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспары, «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауынан, Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық атты партияның сайлауалды бағдарламасынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының 5109 мүшесі бар, олар 35 бастауыш партия ұйымдарына, 97 партия топтарына біріккен.

­­Партияның аудандық филиалының 17 мүшесі бар Саяси кеңесі, 9 мүшесі бар Саяси кеңес бюросы, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесі, партиялық бақылау комиссиясы, «Жас Отан» жастар қанаты және азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Осы конференция қарсаңында аудандық филиалға қарасты 35 бастауыш партия ұйымдарында кестеге сәйкес, есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді. Осы жиналыстар барысында бастауыш партия ұйымдарынан 40-тан астам ұсыныстар түсіп, түскен ұсыныстар облыстық филиал аппаратына жеткізілді.Сондай-ақ, аудандық филиалда бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарға қоғамдық қабылдауды партия филиалының төрағасы, бірінші орынбасары, Саяси кеңес мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары жүргізеді. Аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері өздері сайланған учаскелерінде тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізуде. Аудандық партия филиалының төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары ауданымыздың барлық елді мекендерінде жылына 2 рет көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізіп келеді.

Есепті кезең аралығында аудандық филиалдың қоғамдық қабылдауында аудан тұрғындары тарапынан 457 арыз-шағым, өтініштер түсіп, оның 189 немесе 41.3 пайызы оң шешімін тапқан. Қоғамдық қабылдауда болған азаматтар көтерген мәселелер, өтініштер, арыздар қандай сипатта болмасын уақтылы қаралып, құзырлы органдармен бірге шешімін тауып отыр. Есеп беріліп отырған кезеңде аудандық филиалдың XIV, XV, XVI, XVII конференция-лары, Саяси кеңестің 4 отырысы, Саяси кеңес бюросының 21 отырысы өткізілді.

Саяси кеңес бюро отырысында ұйымдастыру мәселелерімен бірге партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағаларының, аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерінің, аудан әкімдігі бөлім басшыларының атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Қазіргі таңда партиялық мақсат-мүддеге қол жеткізу үш тұғырда іске асырылады. Олар өзара астасып жатқан ең біріншісі ұлт мұраты – «Қазақстан-2050» Стратегия-сы болса, екіншісі Саяси идеологияның рөлін атқаратын центристік Доктринамыз және үшіншісі партиямыздың сайлауалды бағдарламасы. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында біз партиялық жобалар форматында жұмыс жасап отырмыз. Себебі партиялық жобалар негіз құрушы құжаттарға жүйеленіп, келесідей нақты мақсаттарға жетуді көздеп отыр.

Олар: «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға қатысу, партияның сайлауалды бағдарламасы мен Саяси Доктринасын жүзеге асыру, нақты әлеуметтік топтардың проблемалық мәселелерін шешу. Жоғарғы партия органдарынан ұсынылған 9 партиялық жобалар бойынша аудандық партия филиалы іс-шаралар жоспарын жасап жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Биылғы жылдың 9 айының өзінде өнеркәсiп кәсiпорындары 10785,9 млн. теңгенiң өнiмдерiн өндiріп, өнеркәсiп өнiмдерiнiң физикалық көлем индексi өткен жылмен салыстырғанда 32,8 пайызға артқан. Баяндамашы аудандағы инвестициялар жайында, білім беру, денсаулық сақтау салаларына, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, ауыл шаруашылығындағы бағдарламалардың жүзеге асуына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыстарына да тоқталып өтті.

Жарыссөзге шыққан Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жамалбек Өзбеков комиссияда атқарылған жұмыстарды айтып өтті.

Конференция барысында сөз алған «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Галина Ивановна Мороз өз сөзінде былай деді.

-Нынешний год особенный, Казахстан отмечает знаковую веху в своей истории – 25-летие Независимости. К этой дате страна подходит с серьезными результатами и большими планами, нацеленными на достижение экономического роста, укрепление единства в обществе, повышение благосостояния каждого казахстанца. Для того, чтобы реализовать все задуманное и вывести страну на новый уровень развития, необходима мобилизация усилий.

Только единство, сплоченность народа обеспечат достижение экономических целей. В год 25-летия Независимости Казахстана две ведущие общественные силы объединили свой потенциал и возможности для преодоления новых вызовов времени. Партия «Нұр Отан» и Ассамблея народа Казахстана – это два мощных крыла, на которые опирается Глава государства.

Как депутат районного маслихата, как член партии «Нұр Отан» и председатель славянского центра филиала Жамбылской области, могу сказать, что мы, этнокультурные объединения, деятельность которых направлена на укрепление единства и межнационального согласия, будем активно выступать за укрепление духовности и культурного единства народа казахстана. Отчет председателя районого филиала партии «Нұр Отан» считаю удовлетворительным.

Одан кейін жарыссөзге шыққан аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Несіпбай Ғани Қадырұлы: –Алтыншы шақырылған аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы, депутаттардың өз өтініштерімен аудандық мәслихаттың 1-сессиясында тіркеліп, өз жұмысын бастаған болатын.

Қазіргі таңда аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының 12 мүшесі бар. Атқарылатын жұмыстардың барлығы «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы туралы ережесіне және «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің жарғысына сәйкес жүргізілуде.

2016 жылдың наурыз айында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы мен аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының өзара іс-қимылдарының 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары анықталып, фракцияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Фракцияның жұмысын жоспарлау кезінде, мәслихатқа және тұрақты комиссияларға қатысты мәселелерді фракция мүшелері сай-лаушылардан түскен ұсыныстар мен ескертпелер және сайлауалды бағдарлама негізінде жан-жақты талқылады.

Есепті мерзім ішінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының, сессия төрағаларының шақыруы бойынша, қала, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме және кәсіпорын басшыларының қатысуымен 8 сессия отырысы өтіп, онда қабылданған 62 шешім тиісті органдарға орындауға жолданды.

Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер алдын ала фракция отырысында талқыланып, сессияға ұсынылады. Сонымен қатар, депутаттар тарапынан 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджетке бес мәрте нақтылау жүргізілді.

Аудандық «Сарысу» газетіне жарияланған кестеге сәйкес фракция мүшелері ай сайын қоғамдық қабылдау жүргізуде. Онда сайлаушылардан түскен ұсыныстар қала, ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына орындау үшін жолдануда. Сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныстар, өтініштерге байла-

нысты тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкіміне жолданды.

Қоғамдық қабылдау және кездесулер барысында жер-жердегі қарапайым халық өздері сайлаған депутаттарына арыз-шағымдарын, сын-ескертпелерін жеткізіп жататынына куә болып жүрміз. Сондықтан бірінші кезекте жұрттың мұң-мұқтажын ойластырып, олардың талап-тілектерін тиісті жерге жеткізіп, оны лауазымды тұлғалардың алдына қойып, шешілуіне ықпал ететін халық қалаулылары көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Сөз соңында айтарым, депутаттар пікірі, халық пікірі – сол себепті олардың мақсаты кемшілікті қалпына келтіру, жақсылықты көпке үлгі ету. Өткен аптада «Нұр Отан»партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен фракция мүшелеріне арналған семинар-тренингке қатысып, үлкен тәжірибе жинап қайттық,-деп, өзінің алдағы уақытта осындай семинар-тренингтер жиі өткізіліп тұрса деген ұсынысын да жеткізді.

Конференция барысында делегат

Кенжебаева Тұмаркүл Сәдібайқызы,- мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы, Партия төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы және Қазақстанның-2050 жылға дейінгі даму стратегиясы «Нұр Отан» қызметінде басшылыққа алынатын басты құжат,-деді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының доктринасындағы, Партияның сайлауалды бағдарламасындағы Елбасы қойған міндеттерді іске асыру барлық «нұр-отандықтардың» міндеті болып табылады.

Бүгінде «Бүркітті» бастауыш партия ұйымының 81 партия мүшесі бар. Партияның Жарғысы шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына және облыстық, республикалық желілік кестеге сәйкес саяси кеңес пен бюро жұмыстарын қамтамасыз ету, аудандағы атқарушы органдар мен қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен іскерлік қарым-қатынасты реттеу, «Жас Отан» Жастар қанатына партиялық бақылау, жемқорлықпен күрес қоғамдық комиссиясының жұмыстарымен тығыз байланыста жұмыс атқарудамыз.

«Бүркітті» бастауыш партия ұйымында жоспарға сәйкес әртүрлі тақырыптарда 2016 жылы барлығы 45 іс-шаралар өткізілді.

Есепті кезеңде Елбасы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауларынан туындаған міндеттерді іске асыру үшін біздің бастауыш партия ұйымы арқылы насихат, түсіндіру жұмыстары мекеме, кәсіпорындарында үлкен ұйымшылдықпен өткізілді.

Партиямыздың жаңа бағдарламасына туындайтын міндеттерді іске асыруда «Нұр Отан» партиясының төрағасы, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және партиямыздың жаңғырту стратегиясын қолдауға шақырамын.

Осы жиынды пайдаланып, менің айтар ұсынысым, бастауыш партия ұйымдарына арналған семинарлар, тренингтер жиі-жиі өтіп тұрса дұрыс болар еді, -деді.

«Елдос-2004» шаруақожалығының төрағасы Наханов Талғат Кәрібекұлы өз сөзінде,- Аудан экономикасының дамуында агроөнеркәсіп кешені жетекші рөл атқарады,-деді.

Мемлекет пен партия тарапынан ауыл шаруашылығы саласына баса көңіл аударып келеді. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу мәселесі үлкен мәнге ие.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен биылғы жылдан бастап қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» бағыты бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтар үшін несиелер беріле бастады. Бұл бағытқа биылғы жылы 78 млн. теңге қаралған.

Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – ешқандай кәсіппен шұғылданбайтын ауыл азаматтарын өз кәсібін ашу арқылы жағдайын жақсартуға бағытталып отыр.Мен өзім «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы «Сыбаға» және «Алтын асық» бағдарламаларының тұрақты қатысушысымын.

Қазіргі кезде өзім басқарып отырған шаруашылық асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесіне ие. Бүгінгі күні 8 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Биылғы жылы лизинг жүйесімен 1 «Беларус - 80,1» тракторын және шөп тайлағыш ПРФ – 145-П құрылғысын алдым. жылдан-жылға мал басы көбейіп келеді, осы мал басы үшін жайылымдық жер мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтанда, бұрын орман қоры есебіне өткен жерлерді ауданның жер қорына қайтарсақ құба-құп болар еді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиа-лы «Өндіріс» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ибраев Талғат Дүйсенбекұлы:

-Ата – бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, биылдан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды.

Бүгінгі таңда «Өндіріс» бастауыш партия ұйымында 116 мүше есепте тұрады. Соңғы екі жылда партия қатарына 20 мүше қабылданды. Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын нығайту - «Өндіріс» бастауыш партия ұйымының басты мақсаттарының бірі.

«Өндіріс» бастауыш партия ұйымында үнемі іс-шаралар жоспарын жасап жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлы Дала Елі», «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам», «Жастар - Отанға», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобаларын іске асыруда, тағы да басқа саяси-қоғамдық жұмыстар бойынша 2015 жылы – 20, 2016 жылдың 10 айында 15 әр түрлі іс-шаралар өткізілген.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында «Өндіріс» бастауыш партия ұйымының ықпалымен 13 жас маман жұмысқа қабылданды.

«Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаты –жас мамандарды еңбек ұжымында әлеуметтендіру болып табылады. Партияға қабылданған жас мамандар Т.Ибраев, Ж.Мысықбаева, Ш.Мукушева, С.Есенбекова, Ж. Қасымова, Е.Абдрахмановтарға біржолғы көтерме жәрдемақы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Ауылдық округ бойынша тұрғындар саны 2900, оның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 340 адам тіркелген, яғни 12 пайыз құрайды. Ауылдық жерлердің проблемалары және оның шешудегі бастауыш партия ұйымының ролі олардың бағытындағы жұмыстарында айқын көрінеді.

Өндіріс тұрғындарының ауызсу мәселесі аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы КММ бақылауына, міндетіне енгізіліп, құжаттары дайындалу үстінде, құрылыс жүргізу жұмысы келесі жылға жоспарланып отыр. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тарапынан бастауыш партия ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіліп отырса,-деді.

Одан кейін сөз алған жеке кәсіпкер, партия мүшесі Бақытжан Түсіпбеков аудандағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалғандығын, ісін жаңадан бастаймын дегендерге қолдау көрсететіндігін айтып өтті. Сондай-ақ, партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тоқтасынұлы Тілеумұрат конференция жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын беріп, «Нұр Отан» партиясының мемлекетіміздегі беделі мен атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып кетті. Сонымен қатар жерлестерімізді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Актив жиналысынан кейін жалғасын тапқан конференцияға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев қатысты. Конференция барысында ауданның жаңа әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.

Конференцияда сөз алған облыс әкімі К.Көкірекбаев облыстағы «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан бірқатар жұмыстарына және болашақта біздің ауданымыздың экономикалық жағдайының арта түсетіндігі мен қаламыздың көркейетіндігіне тоқталып кетті. Сонымен қатар аудан тұрғындарын ауданымызға келген жаңа басшымен яғни «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасымен таныстырып өтті.

Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XVIII есеп беру-сайлау конференциясының күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер