BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қоғамдық кеңес отырысы

Апта басында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Доскереевтің басшылығымен жиын өткізіліп, күн тәртібіне қойылған екі мәселе бойынша мәліметтер тыңдалып, талқыланды. «2016-2020 жылдары Железин ауданының аумағын дамыту Бағдарламасының іске асырылуы» 2016 жылдың қорытындысы» деген тақырыпта аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Оспанова ақпарат берді. Мариям Каировна мәлімдемесінде аудан өңірін дамытуға арналған Бағдарлама ҚР Президентінің 2009 жылғы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес аудан мәслихатының 5 шақырылымының 45-ші сессиясындағы шешімімен бекітілгенін атап өтті. Мәлімдемесінде Бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі көрсеткіштерінен күтілетін нәтижелерге тоқталды. Барлық сала бойынша көрсеткіштерді сараптай келе, Бағдарлама бойынша өңірді дамытуға бөлінетін алдын ала есептелген қаржы мөлшерін де айтты. «2016-2017 жылдардың қыс мезгіліне ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының дайындығы мен жағдайы туралы» тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы РСағынаев ақпарат берді. Ұсынылған мәліметтер тыңдалып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарылды. Қоғамдық кеңес төрағасы Қайыржан Бекқайырұлы кеңес мүшелерін келесі жиында ауданның дамуына байланысты нақты ұсыныстар ұсынуды міндеттеді.

Өз тілшіміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер