BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кезекті сессия өтті

Фото: Кезекті сессия өтті

16 қараша күні аудан əкімдігінің мəжіліс залында аудандық мəслихаттың 6-шы шақырылған 9-шы кезекті сессиясы болып өтті. Сессия жұмысын аудандық мəслихаттың депутаты Кульбарам Каймакова жүргізіп отырды. Сессия жұмысына аудан əкімі Қайрат Шайжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Динара Бекова, Қауымдастық төрағасы Ержан Сүлейменов, кенттік жəне селолық округі əкімдері, ұйым басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның күн тəртібі бойынша аудандық ТКШ басшысы Оразбай Бутеев, Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын дамыту мəселелері бойынша есеп берді. Садовое, Тельман, Звезда, Чапаево селолық округтері əкімдері Алтын Жетпісбаева, Қарлығаш Махметова, Рүстем Құдайбергенов, Кабидал Калиматолла өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау барысынан мəлімдеді. Аудандық мəслихаттың хатшысы Қанат Саққұлақов, 2016 жылға есебін берді. Сонымен қатар сессия аудандық мəслихаттың 2017 жылға жұмыс жоспарын бекітті. Аудандық мəслихаттың 6-шы шақырылған 9-шы кезекті сессиясы ұйымдастыру мəселелерін қарастыра келе, алда болатын кезекті сессияның күн тəртібінде қаралатын мəселелерді ұсына келе, төрағалығына № 8 Маржанкөл сайлау округінің депутаты Владимир Эммерихті тағайындады.

С. СМАХАНҰЛЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер