BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас

Халықаралық саясаттың негізінде көрші мемлекеттермен орнатылған қарым-қатынастың жөні бөлек. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатта ынтымақтастық тепе-теңдігін негізгі ұстаным ретінде алған мемлекет болып табылады. Еліміздің халықаралық саяси ахуалын талдағанда ең алдымен оның қасында орналасқан екі ірі ықпалды мемлекетпен қарым-қатынасына тоқталамыз.

Ол – Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы. Аталмыш екі елмен де байланыс жыл сайын серпінді дамып келеді. Айтып өткенге оңай болғанымен, тәуелсіздік алғанына ширек ғасыр ғана болған жас мемлекеттің халықаралық саясаттағы өзіндік орны мен ықпалының болуы – үлкен тарихи жағдай.Мұсылман елдері мен Еуропа Одағы, ТМД, Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық қалыптастыруды осы жылдар арасында күн тәртібінен түсірген емес. Экономикалық тұрғыдағы ахуалдың өзгеріп тұруы – заңдылық. Ал саяси ахуал – ең негізгі фактор болып табылады.
Биыл Қазақстан мен Түркия арасында-ғы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толады. Осы жылдар арасында екі елде мықты бір әскери байланыс және қорғаныс технологиялары саласында ынтымақтастық орнатылды. Ең негізгісі – екі елдің арасында сауда-саттық қарым-қатынасының жолға қойылғаны. Астана қаласында өткен аптадағы Ислам ынтымақтастығы ұйым-ның ғылым және технологиялар жөніндегі басқосуында еліміздің ынтымақтастық саясат ұстанатыны анық байқалды.
Қазақстан Республиканың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мьянмадағы қақтығысқа алаңдаушылығын білдіріп, бұған қатысты диалогты БҰҰ аясында жалғастыру керектігін айтып өтті. Жиынға келген Түркия Президенті Режеп Ердоған осы отырыста мұсылман халықтарын Мьянмадағы шиеленістерді реттеуге шақырды. Әскерінің өзі бейбіт мақсатқа негізделген Қазақстан бұл халықаралық бас қосуды Сириядағы қарулы қақтығысты реттеу жөніндегі Астана келіссөздерінің негізінде ұйымдастырған болатын. Екі ел басшыларының 9 қыркүйектегі кездесуінде тауар айналымы 2 миллиард доллар шамасында екендігі талқыланып, оны 5 миллиард долларға жеткізуді мақсат тұту керектігі айтылды.


Айнұр Төлеу.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер