«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының Республикалық желілік кестесіне сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды алу мәселелері бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы өтті. Акцияға аудандық партия филиалының қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Қ.Наметова, аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Б.Бекзат және БАҚ өкілдері қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты: «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдар-ламасын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен даму институттарының азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне диалог алаңын ұсынуы.
Акцияның негізгі міндеттері: «Бизнес-тің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетіктері мен шарттарын кеңінен хабарлау, сонымен қатар осы Бағдарламаны іске асыру барысында көтерілген мәселелерді шешу жолдарын іздеу. Осы бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша акция барысында түскен өтініштерге сараптама жасау.
Акцияның негізгі мазмұны: Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елбасымыздың халыққа арнаған «Нұрлы жол» Жолдауының негізгі ережелері және Ұлт жоспары – бес институттық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын түсіндіру бойынша ұйымдастыру жұмыстары өтті.
Өздеріңізге белгілі, 2015-2016 жылдары Бағдарламаның тетіктері мен шарттарын жетілдіру бойынша өзгерістер енгізілген. Онда несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі; екінші деңгейлі банктердің беретін несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін төмендету; ауылдық жерде, шағын қалаларда кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын кеңейту; бизнес жоспарларын жасау және өзінің кәсібін ашу үшін тиісті оқытулар жүргізу; экспресс-кепілдемелерді ұсына отырып, жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлерді қолдау және кепілді қаржыландыру; кәсіпкерлер осы бағдарлама бойынша әлеуметті қатысушы бола алатын басым салалар тізімін кеңейту қарастырылған.
Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып азаматтарға аталған Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар, кәсіпкерлікті дамыту институттарының өкілдеріне, екінші деңгейлі банктерге орта және шағын бизнес өкілдерінің тікелей шығып, қажетті ақпаратты, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарына құзыретті жауаптар мен кеңестер алу үшін мүмкіндік береді.
Бауыржан АҚЫЛБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кеңесшісі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!