BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ДИПЛОММЕН ауылға кімдер барады?

Қолына дипломын алған жас маманның кез келген еңбек жолын қаладан бастағысы келеді. Бірақ, бәріне бірдей жұмыс табыла бермесі анық. Содан әйтеуір күн көрудің амалы үшін екі қолға бір күрек табуға тырысады. Нәтижесінде диплом сандықтың түбінде шаң басып қалуда. Осы жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрінің қолдауымен “Дипломмен ауылға” жобасы қолға алынды. Мақсат – жұмыссыз жүрген мамандарды елді мекендерге жұмысқа орналастырып, ауылдың жағдайын көтеру болатын. «Дипломмен ауылға» бойынша көрсетілетін қолдау туралы мәліметпен жұртшылық таныс. Бірақ, ол ақпар шындыққа сәйкес келе ме? Жалпы жобаның орындалу барысы қандай? Жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет? Бұл сауалдарға төмендегі кеңестерді ұсынып отырмыз.

ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?

Көтерме жәрдемақы алған кезде: 1) өтініш(үлгі бойынша); 2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландыратын еңбек кітапшасының көшірмесі; 4) білімі туралы диплом көшірмесі; 5) көші - қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәіліметтер; 6) тиісті елді мекенде тұратынды- ғын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: 1) өтiнiш (үлгі бойынша); 2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi; 4) бiлiмi туралы диплом көшiрмесi; 5) сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; 5) көші - қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәіліметтер; 6) тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; 7) неке туралы кәулік көшірмесі некеде тұрған мамандар үшін); 8) аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама; Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Содан кейiн құжаттар- дың түпнұсқасы қатысушыға қай- тарылады. Айта кетейік, ережеде көрсетілмеген басқа да құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

— жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2121 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Нәтижесінде жоба бойынша қатысушы 148 470 теңге көлемінде жәрдемақы алады; — қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау арқылы 1500 еселік айлық есептік көсреткіш (3 181 500) деңгейінде 15 жыл мерзімге 0,01 пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау көрсеті- леді.

КЕРЕК КЕҢЕС…

— Әкiмшi тиісті құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде оларды комис- сияға жiбередi; — Комиссия әкiмшiден құжаттар- дың келiп түскен күнiнен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiне маманға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге ұсыныс жасайды; — Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi комиссияның ұсыныстары келiп түскен сәттен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде маман- дарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды; – Қаулы қабылданғаннан кейiн жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келiсiм жасалады; — Әкiмшi жетi күнтiзбелiк күннiң iшiнде көтерме жәрдемақысының сомасын мамандардың жеке есеп- шоттарына аударады немесе отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға несие ұсынылуы тиіс.

ҚОЛДАУ ТАПҚАННАН КЕЙІНГІ МІНДЕТ:

1. Әлеуметтк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруі тиіс. 2. Меншiгiне сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге міндеттеледі; 3. Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi; 4. Егер де жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шаралары жоба қатысушысына берілсе, міндетті түрде ауылдық елді мекенде 3 жыл тұрақты жұмыс істеуі қажет. Сатып алынған тұрғын үй сол кезеңде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде кепілде тұрады. 5. Әкімдікке тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынып отыруы керек. Жас мамандар сіздерден, әрбір іске ұқыпты және жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз. Осынша қаржыны қолға алған жас маманға артылатын міндет – ауылдың өркендеуіне үлес қосу және сапалы қызмет жасау. Көрсетілген көмектерге қол жеткізген жас маман бағдарламаның шарты бойынша ауылдық жерде 3 жыл қызмет етуге және әр тоқсан сайын жұмыс орнынан тиісті орындарға анықтама өткізіп тұруға міндетті. Осы уақыт аралығында сатып алынған үйдің кепілде тұратынын да естен шығармау қажет. Егер көрсетілген ереже- лер жас қызметкер тарапынан бұзылса, ол барлық шығынды өтеуі тиіс.

А. НҰРҚАСЫМ, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер