Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткен еді
Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткен еді
Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткен еді. Осы қабылдауда Үңгіртас орта мектебінің түлегі, ІІ топтағы мүгедек Айгүл Жақыпова өзінің арманы мен мақсатын алға тартып, “болашақта дәрігер болсам деймін, сол мақсатыма жету үшін партия тарапынан көмек көрсетілсе екен” деп еді.
Айгүлдің өмірге деген құштарлығын байқаған аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Қ.Атагелдиев, «Ұзынағаш медициналық колледжінің» директоры Э.Юлдабаев пен облыстық мәслихаттың депутаты Д.Молдахалықова өз тарапынан оның оқуының ақысын төлеп, қолдан келгенше көмек көрсететінін айтқан еді. Сондай-ақ, осы қоғамдық қабылдауда Доғдыргүл Өмірқұлқызы, “Айгүл медицина саласына маманданып, оқуын тамамдаса, жұмысқа орналастырамын” деп уәде берген.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Доғдыргүл Молдахалықова биыл медициналық колледжді бітірген Айгүлді жедел жәрдем бөліміне қызметке орналастырып, екі жыл бұрын айтқан уәдесін орындады.
«Айгүл екінші топ мүгедегі болса да, он екі мүшесі сау адамдармен теңдей дәрежеде қызмет етуде. Мен осы қыздың батылдығы мен еңбекқорлығына қайран қалдым. Ол алға қойған мақсатынан айнымайтын батыл қыз екенін биыл дәлелдеді. Айгүлге өз тарапымнан уәде беріп, сол уәдемді орындағаныма еш өкінбеймін. Себебі, ол өзіне жүктелген міндетті қалтықсыз орындап, тыңғылықты іс атқаруда. Бұл қыздың болашағынан зор үміт күтемін”, – дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Доғдыргүл Молдахалықова.
Раушан Аманқұлова,
аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!