BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Болашаққа бағыт берген бағдарлама

Қазақстан – қарыштап дамып келе жатқан жас мемлекет. Алдымызда әлемнің жан-жақты дамыған 30 озық елінің қатарына ену міндеті тұр. Бұл үшін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары қолға алынды. Оны дағдарыс кезінде қалай жүзеге асыру керектігі мақалада айқын көрсетілген. Мемлекет басшысы атап өткендей, кез келген реформа заңмен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан, Үкімет пен Парламент заңнамаларды өзгерту бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Қазақстан Республикасының әр азаматы Елбасы ұсынған реформаларды жүзеге асыруға, мемлекетіміздің қалыптасып, нығаюына белсене атсалысқаны абзал. Бұл үшін біз елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты және өзара сыйластықты сақтай отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға күш салуға тиіспіз. Заманауи мемлекет құру, қоғамымызда заңның үстемдігін арттыру, орнықты экономиканы көздейтін индустрияландыру және экономикалық өсу, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру және ашық, транспарентті мемлекет құру бүгінгі әлемде болып жатқан сан түрлі қатерлерге жауап болары сөзсіз. Ауданда «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарынан туындаған мақсат- міндеттер мен салаға қатысты қадамдардың орындалу барысы көңіл қуантады. Әсіресе, алғашқы 15 қадам, яғни, кәсіби аппарат құру азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды. Мен ұзақ жыл аудан әкімі аппаратында қызмет етіп, зейнетке шықтым. Осы кезең аралығында үлкен тәжірибе жинақтағанымды әркез мақтанышпен еске аламын.

Ұлт Жоспарында «Мемлекеттік қызметке келген жастар қызметтің ең төменгі деңгейінен бастайды» дегені өте орынды. Себебі, әрбір жас қызметші білікті маман болу үшін ең алдымен өз саласының барлық сатысынан өтуі тиіс. Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қызметшілердің алдына үнемі қойып келе жатқан осынау ұлы мақсаттарын мемлекеттік қызмет есігін алғаш аттаған жас маманның бойына сіңіру – «100 нақты қадамның» темірқазығы іспеттес. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарламалық мақала ел Президентінің «100 нақты қадам» мен былтырғы жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан – жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының жалғасы деп қабылдауымыз керек. Аталған жоспар дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалған батыл қадам деп айтуға болады.

Шырай Тұрсынбекова, зейнеткер, мемлекеттік қызметтің ардагері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер