BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғасырдан аса тарихы бар кітап шаңырағы

Қарт Ертіс өңірі - алтын бесігіміз, туған жер, Ұлы бабалар мекендеген киелі жер рухынан нəр алған – бір ғасырдан аса тарихы бар көне шаңырағымыз - С.Торайғыров атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханаға 120 жыл. Талай тарихи кезеңдерді бастан кешкен өңірдегі көне кітапхананың өмірнамасы 1892 жылдан бастама алады. Тарихи құжатта айтылғандай сол кездегі қалалық Думаның шешімімен 1-ші гильдиялық көпес Артемий Деров пен басқа да жергілікті меценаттардың қаржысына меншікті үйде орналасқан «ақысыз қалалық көпшілік кітапхана оқу залы» ашылған, ал 1896 жылы кітапхана уездік болды, өйткені, Павлодар сол кезде Семей губерниясының уездік қаласы болып қалған еді. Дəл сол жыл (яғни, 1896) облыстық кітапхананың туған жылы деп саналады. Бір ғасырлық тарих ішінде негізгі оқиғалар – бірінші бүкілəлемдік соғыс, қазан төңкерісі, азаматтық соғыс, коллективтендіру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, тоқырау жылдары, қайта құру жылдары орын алды. Облыстық кітапхана - өзінің ғасырлық тарихында нағыз кітап қазынасына айналды. Мазмұны жағынан қайталанбас баспа жинағын қалыптастырды. Кітап қоры 500 мыңнан аса дана, оның ішінде 100 мыңнан аса қазақ классиктерінің, қоғамдық-саяси, философия, тарих, тіл білімі, əдебиеттану, өнер жəне өлкетану тақырыптары бойынша басылымдарды құрайды. Қордағы сирек кітаптың орны бөлек. Онда ескі басылымдар, қайталанбайтын, көздері тірі кезде жарияланған əдебиет, ғылым мен өнер классиктерінің қолтаңбалары бар кітаптар, қазақ жəне орыс тіліндегі тарихи құжаттар жинақталған. Осы жұмыстар көп жылдан бері «Раритет» бағдарламасы аясында іске асырылуда. Оның мақсаты - сирек жəне бағалы басылымдарды сақтау, анықтау, насихаттау. Сирек қорда 2000-нан аса басылымдар бар. Олар бірнеше коллекциялардан тұрады: ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы; Кеңес Одағы кезіндегі басылымдар (30-40 жж. аралығы); Қазақ баспасөзі, Қазақстан туралы əдебиеттер (қазақ тілінде, орыс тілінде); қолтаңбалы кітаптар - автографтар; көркемдігі жоғары басылымдар; факсимильді жəне репринтті басылымдар; миниатюралық кітаптар. Сирек кітаптар қоры соңғы жылдары ХVIII – XIX ғғ. басылған 10 шақты кітаптармен толықтырылды. Тəуелсіздік жылдары қазақстандық жолдың негізгі құндылықтары – бостандық, бірлік, тұрақтылық, өркендеу негіздері қалыптасты. Бұл тезисті еліміздің жетістіктері, нақты мысалдары айқындайды. Павлодар облы- сы кітапханаларының дамуы ерекше орын алып келеді. Қазақстан кітапханалары ішінде С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана алдыңғы қатарлы кітапханалардың бірі деп толық айтуға болады. Қазіргі таңда облыстық кітапхана - Павлодар аймағының ағарту, ғылым мен мəдениетінің даму игілігі үшін жұмыс істейтін ақпараттық мəдени орталық болып келеді. Оқырмандар сұраныстарын қамтамасыз ететін барлық жағдай жасалған. Заманға сай ақпараттық технологиялар базасында жұмыс істейтін инновациялық үлгідегі заманауи мəдени ошақ. Кітапханада жыл сайын пайда- ланушылар саны өсуде. Кітапханада көптеген мəдени жобалар мен бағдарламалар іске асуда. Көп жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Жанашыр» жобасының мақсаты қорғалмаған топтағы адамдарды əлеуметтік бейімделуге ықпал ету. Осы жоба аясында кітапхана барлық зейнеткерлерге «С компьютером на ты» атты компьютерлік сауаттылық курсын жүргізуде. Қолжетімді компьютерлік курстың беретіні мол. 2014 жылы бері 100-ден астам зейнеткер компьютерлік сабақ алды. «Анықтама» орталығында оқырмандардың ақпараттық-құқықтық сұраныстарын орындауда «Параграф» жəне «Заң» құқықтық деректер қоры үлкен роль атқарады. Орталықта əлеуметтік қорғалмаған топтар мүшелері, мемлекеттік, заң қызметкерлері, əр саладағы мамандар көмек алады. Келушілер ҚР Парламенті, электронды үкімет, Павлодар облысының əкім сайттарын, əкім блогын пайдалана алады. Оқырмандардың телефон арқылы анықтама алуға мүмкіндіктері бар. Интернет жүйесіне қатынауға толық жағдай жасалған. Облыстық кітапханада 4 Интернет жоба бар: - ресми сайт www.pavlodarlibrary.kz., бұл сайтта ресми жедел жаңалықтардан басқа, кітап мерзімін ұзарту, «Павлодар өңірі» электронды кітапханаға қатынауға, бір ай, жұма ішінде болатын шаралардың жоспары жайлы ақпарат алады. Ертістің Павлодар өңірінің əдеби картасы – (http://map.pavlodarlibrary.kz,) - бұл Интернет жүйесіндегі ең сұранысты электрондық ресурстардың бірі. Пайдаланушылар ой- пікірлері негізінде студенттер үшін Павлодар өңірінің əдебиеті бойынша курстар жүргізіледі. «Павлодар - Қазақстанның индустриалды жүрегі» (http: tehno.pavlodarlibrary.kz). Қарқынды индустриалды-инновациялық даму Веб-ресурсы бағдарламасын насихаттау мақсатында жасалып, қаланың кəсіпорындары, облыстың іске асып жатқан өндірістік саясаты жайлы шұғыл ақпарат беруге бағытталған. Қатынауға мүмкіндік алып, пайдаланушы кітаптардың е - көшірмелерін де пайдалана алады. «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды энциклопедиясы» (http: toraygirov. pavlodarlibrary.kz) жобасы ақынның 120 жылдық мерейтой қарсаңына арналып жасалған. Энциклопедия сандық жүйеге көшірілген авторлық құқық шеңберіндегі ақынның шығармаларынан, əдебиеттану жəне тарихи материалдардан, библиографи- ядан тұрады. Кітапхананың жүйелік ресурстары қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде толықтырылады. Жаңа оқырмандарды тартуда, оларға жедел ақпарат беруде өте маңызды роль атқаратын – Facebook, Vkontakte, Twitter, Instagram əлеуметтік желілерде кітапхана қызметі көрсетілген. 2006 жылдан бері мемлекеттік тіл саясаты шеңберінде «Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын жүзеге асыру барысында «Тілтаным» тілдерді үйрену жəне дамыту Ресурстық орталығы жұмыс атқаруда. Онда «Тіл өнері» халық университеті, орыс тілі орталығы, Американдық бұрыш көп шаралар ұйымдастырып, келушілердің санын арттыруда. Соңғы жылдардағы жетістіктеріміз – республика бойынша алғаш рет С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана (2014) отандық РАБИС кітапханалық процестерді автомат- тандыру бағдарламасы негізінде – RFID- технологиясын енгізді. Бұл технология одан əрі модернизацияланып, іске асуда. Инновациялық технологияның арқасында электрондық оқырман билеті жасалып, кітап қорын өңдеу жұмыстары автоматты түрде іске асуда. Қазіргі таңда кітапханаға келушілердің 3000–нан астамы электрондық билеттерге ие болды. Биыл облыстық кітапхананың 120 жылдық мерейтойы жəне Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған кезекті жаңа инновациялық жоба іске асты. Бұл «QR- Кітапхана «Павлодар өңірінің қазіргі авторлары» жобасы жаңа ақпараттық техно- логияларды пайдалану негізінде жасалған. «QR-Кітапхана...» Павлодарлық авторлармен келісімшарт жасасу арқылы сандық форматқа көшірілген басылымдардан құралған. Қазақстан Республикасы ішінде өлкетану бағытында жасалған алғашқы «QR-кітапхана» болып саналады. Туған өлкесін, оның мəдениеті мен əдебиетіне деген сүйіспеншілік танытатын оқырмандар, жалпы кітапхананы пайдаланушылары үшін бұл үлкен сый болды. Кітапханада ұлы ғұламалардың есімімен аталған «Торайғыров» пен «Сəтбаев» залдары оқырмандарға қызмет көрсетеді. Бұнда жергілікті ақындар мен жазушылар, ғалымдар, өлкетанушылар, өнер қайраткерлерімен кездесулер, пікір таласулар, есте қаларлық шығармашылық кештер өтуде. Əдебиет пен өнерді сүюшілердің руха- ни қарым-қатынасын ұйымдастыру аясында «Кітапхана – мəдениет жəне бос уақытты өткізу орталығы» бағдарламасы өз жұмысын жыл сайын жандандыруда. Оқырмандардың көркемдік талғамын дамыту, əдебиет, өнер жəне мəдениет саласындағы ақпаратпен танысу шаралары, танымдық кештер өткізіліп, көрмелер ұйымдастыруда. «Айна» галереясы, «Визит» əдеби-музыкалық қонақжайы, «Мастерица» жəне т.б клубтар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, кітапханада «Айтолқын» əйелдер лекторийі жұмыс істейді. Қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тəрбиелеу, туған өлке тарихын зерттеу жəне насихаттау аясында «Өлкетану» клубы тарихшыларды, мұражай қызметкерлерін, өлкетанушыларды жəне туған өлкенің тарихын қызықтыратын барша қауымды ортақтандырады. Табиғат жəне қоршаған ортаға ықыласпен қарайтын адамдарды біріктіретін «Экология жəне өмір» бағдарламасы – экологиялық ағартушылық, экологиялық мəдениетті тəрбиелеуді жəне оған байланы- сты мəселелерді көтеруді көздейді. Бұл жоба аясында «Наш очаг», «Фиалочка» клубтары, «Жасыл əлем» эколекторийі жұмыс істейді. Осы жобалар мен бағдарламалар шеңберінде өткізілетін шаралар келушілердің санын арттыруда үлкен ықпал етеді. Кітапханада жазғы демалысты белсенді өткізу үшін «Қаладағы демалыс» бағдарламасы мен «Арт-кеңестік» жобалары жүзеге асырылады. Бұл жобалардың мақсаты мəдениетке, əдебиетке, өнерге деген қызығушылықты, «кіші» Отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттықты тəрбиелеу, Павлодар өңірінің рухани құндылықтарын насихаттау. «Қаладағы демалыс» бағдарламасы шеңберінде мектеп оқушыларына, студенттерге, жалпы жазда кітапханаға келушілерге жыл сайын «Путешествие мечты: страны мира» үлкен тақырыпты көрме безендіріліп, көпшілік шаралар ұйымдастырылып отырады. «Арт-кеңестік» жобасы Павлодардың жастары үшін үлкен шығармашылық жол ашуға зор ықпал етеді. Жоба шеңберінде ше- бер-сыныптар, поэтикалық театр, актерлік шеберлік, буккроссинг, көрмелер жəне т.б. шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып отырады. 120 жыл бойы облыстық кітапхана Павлодар өңірінің рухани жəне мəдени өмірінің кеңестігі болып келеді. Кітапханада əрқашан əдеби-музыкалық кештер, кітап көрмелерінің тұсаукесерлері, жергілікті қылқалам шеберлерінің көрмелері, кездесулер, журналистер мен жазушылардың мерейтойлары өтетін нағыз əдеби шаңыраққа айналды. Кітапхананың 120 жылдық мерейтойы Еліміздің Тəуелсіздігінің 25 жылдығына сай келді. Тəуелсіздік жылдары облыстық кітапхана көп жетістіктерге қол жеткізіп, қоғамда ерекше роль атқаратын үлкен мəдени мекемеге айналды. Павлодар өңірінің ағарту, ғылым мен мəдениетінің дамуы үшін еңбек етіп жүрген кітапхана ұжымының үлесі өте зор.

 

Майя ИСАКАЕВА, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту бөлімінің сектор басшысы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер