BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Тіл – парасат» облыстық конкурсы

 2016 жылғы 13 мамырда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауын өткізді. Мақсаты: мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау жəне ын- таландыру, тіл мəдениетінің деңгейін жəне мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру. Байқауға 18-22 жас аралығын-дағы облыс қала, аудандарының жеңімпаздары қатысты. Байқау шартына сəйкес олар кез келген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазу бойынша сынға түсті жəне шығармашылық тапсырмаларды орындады. Шараның қорытындысы бойынша I жүлделі орынды Ақтоғай ауданының үміткері Степчук Валерия, II орынды Павлодар ауданынан Осинцева Мария, III орынды Павлодар қаласының қатысушысы Павлюк Анастасия иеленді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен жəне алғыс хаттармен марапат- талды. Облыстық байқауда I орынға ие болған қатысушыға республикалық кезеңге жолдама берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер