BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МЕН – МЕН ЕДІМ, МЕН ЕДІМ!

VII облыстық Махамбет оқулары білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сəйкес дəстүрлі түрде 2016 жылғы 11 мамыр күні өткізілді. Байқаудың ұйымдастырылу мақсаты Махамбет жəне Мұрат Мөңкеұлы, Фариза Оңғарсыновалардың шығармаларын жан-жақты жетік білетін өнерпаздарды анықтау.VІІ облыстық Махамбет оқуларына оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Махамбет оқуларының Махамбет жəне Мұрат Мөңкеұлы, Фариза Оңғарсыновалардың шығармаларын жатқа оқу бағыты «Ел құтқарар ер едім...» атты конкурсы бойынша І орынды Лозовое орта мектебінің оқушысы Құрманқожа Нұрым (жетекшісі – Молдрахметова К.К.), ІІ орынды Жақсы №1 орта мектебінің оқушысы Төлеген Мұратбек (жетекшісі – Ахметбек А.А.), ІІІ орынды Остров орта мектебінің оқушысы Искакова Салтанат (жетекшісі – Бірлестік Ə.) иеленді. «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша бас жүлдені Ғ. Əбдрахманов атындағы Қима орта мектебінің оқушысы Серикбаева Сабина (жетекшісі – Сад- вакасова Г.С.) иеленсе, жас дарындар конкурсы «Ұлы арман...» бағыты бойынша бас жүлдені осы мектептің оқушысы Жұматаев Аманғали (жетекшісі – Есенгулова Т. С.) иеленді. 17 – 18 мамыр күндері Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткізілген облыстық Махамбет оқуларында аудан намысын қорғаған жерлестеріміз жүлделі орындармен оралды. Олар: «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша Серикбаева Сабина – ІІ орын, «Ұлы арман...» бағыты бойынша Жұматаев Аманғали – ІІІ орын, «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша Құрманқожа Нұрым – білім басқармасының мадақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, болашағынан зор үміт күттірген жас ақындарға, көркемсөз шеберлеріне, əнші, күйшілерімізге əрқашанда сəттілік тілейміз!

 

АХМЕТОВА С., білім беру бөлімінің əдіскері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер