BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТЕРЕК МАМЫҒЫ – ӨРТ СЕБЕПШІСІ

Қазіргі жаздың ыстық кездерінде терек ағаштарының гулденуімен қатар, әкелетін зардаптары да аз емес. Жаздың басталуы терек ағаштарының гулденуімен қатар келеді. Көшелер мен үй алаңдарын және шатыр бөлмелерін терек мамықтары басады. Ғимаратардың астынғы қабатына қонып, өрт қауіпі жағдайларын тудырады. Бұндай күндері Мемлекттік өрт байланыс бөліміне әдеттегіден жиі телефон шалынады. Статистика бойынша теректердің гүлдеуі маусымында кем дегенде ондаған өрттер болады, оған нақты тоқталған болсақ, олар: үйлер, шаруашылық құрлыстар, ағаштар және сақтау орындары. Бұның барлығына себеп болатын, балалар мен жас өспірімдердің мамық үйінділеріне от тастап, оны ойын, қызығушылық ретінде көретіндігі әр түрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырады, соңында олардың қылықтары үшін ата-аналары жауап беруге тура келеді. Кейде ересектер де балалыққа беріліп, мамыққа от тастайды. Жаман айтпай, жақсы болмас, өйткені жамандық ескертпей келеді.

Ата-аналар мен ересектер! Сақ болыңыздар! Бұл жайлы балалармен көбірек әңгімелесіп, отпен ойнауға болмайтыны және өрт адам өміріне қауіп төндіретінін, отпен ойнаған дұрыс емес екендігін әрқашанда олардың сана-сезіміне құйып отыруларыңыз керек.

Ш. ҚАЛИҚАЙДАРОВ,

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

ТЖБ аға инженері  азаматтық қорғаныс  аға лейтенанты

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер