BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өткізілетін барлық денгейлердегі әкімдердің есептік кездесулері  халыққа атқару органдардың жұмысы туралы өз пікірлерін айтуға және ұсыныстар мен ескертулер жасауға мүмкіндік береді.

2016 жылғы  20 қаңтар күні Қырымбет ауылдық округі әкімнің есептік кездесулері, 6 ақпанда аудан әкімі В.С. Дудовтың есептік кездесуі өткізілді.

Ауылдық округ әкімінің есепті кездесуінде Қырымбет ауылында өткен кездесуде  ауыл тұрғындарынан бір сұрақ тусті ол жолдарды қыс мезгілінде таза ұстау. Ауылдық округ бойынша қыс мезгілінде жолдарды  ЖШС «Краснознаменский-2» үнемі тазалап тұрды.

Аудан әкімі В.С. Дудовтың және ауылдық округ әкімінің Сокологоровка ауылында өткен есепті кездесуінде жәшіктен округ тұрғындарының атынан келесі сұрақтар көтерілген болатын:

«5 жасқа дейінгі балаларға   тегін дәрі дәрімек   неге берлмейді»,-деген  сұраққа аудан денсаулық сақтау бөлімнің  бас дәрігеріңің орынбасары А.Ж.  Болатова: -5 жасқа дейінгі балаларға  стационарлық емдеу кезінде дәрі дәрмектер тегін беріледі,-деп жауап берді.

«Кырымбет, Сокологоровка  тұрғындарының пошта бөлімінен телефон байланысының ақысын уақытында аударылмайды»,-деген сұраққа «Казпочта» АҚ бастығы Ашетов М.Е.: -Жалпы   телефон байланысының ақысын уақытында аударылып отырылады,  бірақ қаңтар, ақпан айында  ауа-райына қатынасты   автожолдардың болмағандығынан үзілістер болды, қазырғы уақытта  төлемдер уақытында аударылып тұрады,-деді. Кейнгі сұрақ: «Сокологоровка  ауылының  электр жүйесінде  электр куатының тұрақты болмай тұр» деген сұрақ қойылды, бұл сұраққа «Кокшетау Энерго» ЖШС Чистопол бөлімшесінің директоры М.Б.Махметов: -2016 жылдың маусым –шілде айларында Сокологоровка ауылының көшелерінде электр жүйелері  күрделі жөндеуден өткізіледі және электр тіректері ауыстырылады,-деді.  

Есептік кездесулерінде қойылған сауалдардың көбі өз шешімін тапты. Түскен сұрақтардың барлығы-5, соның 4 орындалды, бір  сұрақ бойынша жұмыс жүргізілуде.  Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесуіндегі көтерілген сұрақтар көкейтесті мәселелер болып табылады. Есеп кездесулердегі көтерілген мәселелер үнемі бақылауда болып, өз шешімін табуда.

Қ.Қ. БЕРКІНӘЛІ,

Кырымбет ауылдық округінін әкімі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2016, 21:38
Нақты тапсырмалар берді
Пікірлер