BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ

 Жаңа леппен жаңа жолдау жария болды. Ел келешегі үшін айқын талаптар алға қойылды. Әр жүйенің тасын өрге домалату жолында Елбасы сала басшыларына нықтап тапсырма берді. Әлеуметтің әлеуетін жақсартуда экономикаға да, медицинаға да, басқаға да оң бағытта өзгеріп, даму керектігі нақтыланды. Елбасының жыл сайын еліміз дамуының басым бағыттарын белгілеп, оны халыққа жолдап отыратыны баршаға мәлім. Жолдауда айтылған мәселелер жерде қалмай, кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Жолдауда «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру жоспары айқындалған. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудің нақты есептелген жолы — «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жаңа мағынасын қалыптастырады.    

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, тұрақты профилактикалық тексерістерден өту сияқты салауатты өмір салтын насихаттау міндеттері іске асырылып, қазақстандықтардың өмір сапасы мен игілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жолдауда Қазақстанның жетекші еуразиялық медициналық туризм орталығының біріне айналуы тиістігі айтылған.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 28% дейін арттырудың маңызы ерекше атап көрсетілді. Бұл дәрігерлердің жұмысын ынталандыруға ықпал етері анық. Қазірдің өзінде медициналық қызметкерлер үшін жұмыс нәтижелеріне қарай негізгі жалақысына қосымша еңбекақы алу мүмкіндігі қарастырылған. Дәрігерлерге сараланған еңбекақы төлеу жүйесі енгізілді.

2015 жыл Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтауды дамытудағы 2011-2015 жылдарға арналған  «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын аяқтау жылы болып табылады. Осы бағдарлама арқасында денсаулықты нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау,профилактикалық бағдарламаларды енгізу іс шаралары іске асырылды. Осы іс шаралардың нәтижелері бір неше жылдардан кейін адам өмірінің сапасын жақсартады. Мемлекетіміз жыл сайын медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базаларының нығаюына көңіл бөледі. Жаңа технологиялар және электронды бағдарламалар енгізілуде. Осының бәрі сапалы медициналық көмек көрсетілуіне септігін тигізеді.

Аудан тұрғындарына 60 дәрігер және 284 орта медициналық қызметкерлері медициналық қызмет көрсетеді. Ауданда дәрігер мамандармен қамтамасыз етілу жылдан жылға өсуде. 2011-2015 жылдар мерзім аралығында ауданымызға 22 дәрігер маман келді. Барлық мамандар ЖМО орындарын аяқтағаннан кейін тұрғын үй  және көтерме ақымен қамтамасыз етілді.

2010 жылдың 29 қарашасында   Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевпен Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылдары» денсаулық сақтауды дамыту туралы  мемлекеттік бағдарламасының №1113 Жарлығына қол қойылды.

Осы бағдарлама шеңберінде ауданымызда ана өлімінің болмауы және нәресте өлімін төмендету, сонымен қатар туберкулез ауруының төмендеуінде мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.  

Жыл сайын бағдарламаға сәйкес профилактикалық медициналық  және скринингтік тексерулер жүргізіліп отырады. Сонымен қатар 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жалпы өлім деңгейінің төмендеуі байқалуда. Аудан бойынша 2015 жылдың туу көрсеткіші төмендеу деңгейінде, сондай-ақ, өткен жылы онкологиялық аурулардың мәселесі де күрделі болып отыр, себебі онкологиялық ауруларды ерте сатысында көп анықталуда.

2015 жылы емханаға құны 2,086 млн. теңге болатын стоматологиялық қондырғы, 2,4 млн.теңгеге ауыспалы рентгенологиялық диагностикалық «АРМАН-2» аппараты, 1,020 млн.теңге қаражатына емханалық аудиометр, 850 мың теңгеге электрокоагуляторлар, 517,5 мың теңгеге электрокардиографтар алынды.  Биылғы жылы орталық аурухананың хирургия бөлімі күрделі жөндеуден өтетін болады.

Н. АЙМАНОВ,

Аудандық орталық аурахананың бас дәрігері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер