BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Өрлеу" жобасы сөз болды

Аудандық әкімшіліктің үлкен мәжіліс залында маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, 100 нақты қадам - Ұлт Жоспарының 84 қадамына сәйкес әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру мақсатындағы «Өрлеу» жобасы әңгіме өзегіне айналды. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Байедилов жүргізіп отырған жиналысқа ауыл әкімдері, әлеуметтік көмекке мұқтаж ауыл тұрғындары қатынасты.Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, мобильдік топ мүшесі Назгүл Молбосынова жан-жақты айтып берді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді көздейді.Келелі басқосуда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Халық Зықаев, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Біләл Мәсімбаев қосымша айтып өтті. Аталған «Өрлеу» жобасының мәні мен маңызына тоқталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Т.Байедилов бұл тұрғыда көп жұмыс жасау қажеттігін алға тартты. Ақпараттық топ құрып, түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Ауыл әкімдеріне артылатын жүк жеңіл емес.

 

 

«ХАНТӘҢІРІ» АҚПАРАТ.

Сурет ontustik.gov.kz сайтынан алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер