BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өңірдің көркейер шағы алда

 Алдымызда Қарқара көтерілісінің 100 жылдығы жақындап келеді. Ауданмыздың әкімі Жанат Тажиев осыған орай құрылған аудандық штабтың алғашқы отырысын Қарқара ауылдық округіне қарасты Ереуіл ауылында өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Д.Құдабаев, сала басшылары, құрылыспен айналысып жатқан құрылымдардың басшылары қатынасты.Қарқара ауылынан Ереуіл елдімекеніне, одан Ереуілтөбедегі ескерткішке дейінгі 12,5 шақырым жол асфальтталып, жасалады. Мыңжылқыға дейінгі 7 шақырым жол қолға алынуда. Бұл жұмыстармен «Алматы жолдары» мекемесі айналысуда. «Лабасы жолдары» мекемесі ипподром ісін қолға алуда. «Бұл той емес. 37 мыңнан аса адамға арналып берілетін үлкен ас. Сондықтан оған үлес қосу әркімнің сауапты ісі»,-деген аудан әкімі Ж.Тажиев сала басшыларына, құрылыс мекемесінің басшыларына тиісті тапсырмасын берді. Ереуіл ауылының ішкі көшесі де көріктене түсетін болады. Ескерткіш маңында да елеулі істер атқарылады. Оның бәрі 10 шілдеге қорытындылануы тиіс.

 

Қ.БІРЖАНСАЛ, Ереуіл ауылы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер