BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҰСТАЗ-ҒАЛЫМ-ӨНЕРПАЗ

 Иә,иә, ол-ақтөбелікгер жақсы танитын, дәл бүгін 70 жасқа толып отырған мерейтой иесі, қагггқысыз қызметімен халыққа, елеулі еңбегімен елге сыйлы азамат, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, Ыбырай Агттынсарин атындағы медаль иегері, Халықаралық конкурсгар мен өнер байқауларының лауреат-дипломанты, республикаға белгілі музыкатанушы маман, педагогика ғылымдарының кандидаты, 2006 жылы «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантын респу- бликада бірінші алғандардың бірі, отбасы үшін ардақгы әке, асыл жар, Оганы үшін сайыпқыран сардар, қоғам үшін қадірлі қайраткер, ұстаз десең ұстаздығы, ғалым десең ғалымдығы, өнерпаз десең өнерпаздығы, «қатегтті қара нарға» (Махамбетше айтсақ), болмаса ашық мұхит айдынында алысқа жол тартқан аумақгы лайнерге жүк болатын мәдени-рухани мол байлықгың иегесі, бізге әрігттес, үзеңгі дос - Бекболат Бектұрұлы Бекниязов. Бекболат Бектұрұлы ұстаз-ғалым ретінде де республика көлемінде көпке танымал музыка мамандарының бірі, оның теориялық тұжырымдарымен тәжірибелік мазмұндағы нақты істері сазды аспагттар бойынша шәкірттерге сапалы білім берудің кешенді үлгісі бола алады. Себебі профессор Бекниязов музыка пәні мұғалімі ретіндегі өзінің көп жылдық қызметінде жас ұрпақты музыкалық аспагттарға үйретудің және оларға саздық-әуендік мазмұнда сапалы білім берудің әлемге әйгілі композитор-ұстаз, Социалистик Еңбек Ері, Лениндік сыйлықтың лауреаты, академик Д.Б.Кабалевский тұзген, анықгаған принцигттерін оқьгту процесінде әрқашан басшылыққа алып, тәлімдік жұмыстарын сол принцигттер негізінде ұйымдастырды. Өйткені ол Д.Б.Кабалевскийдің музыка программасы шәкірттердің эстетикалық және рухани талғамын қанағаттандырып, олардың саз-әуен туралы тұсінігін кеңейтетінін, ой-өрісін дамытып, музыка мәдениетін өз бетінше меңгеруге мүмкіндік алатынын кәсіби тұрғыдан жоғары бағалады. Осы орайда Бекболат Бекгұрұлы өзінің ғылыми жетекшісі болған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Р.Жәрдемалиевамен бірге Дмитрий Борисовичгің пәндік бағдарламасының республика мектептерінде жемісті жүзеге асуына ұйьгтқы бодцы. «...Д.Б.Кабалевскийдің жасаған жүйесі бойынша музыкалық аспагтта ойнай білу қазақстандық оқушылардың интернационалдық, ырғақгық, тембрлік есгу қабілетін ұштаумен қатар, олардың музыка сабағына деген қызғушылығын арттыруға үлкен дәнекер бодцы...» деп сол кезеңде бүкілодақгық «Учительская газета» мен «Қазақсган мектебі» журналы жарыса жазды. «...Қазақтың аспагттық музыка саласындағы ең бір бай жанр-күй. Күй өзінің тақырыбымен халықтың мұрат- мүддесін, ұлттық психикасын, тарихы мен өмірін кең бейнелейді. Күйлерден біз тарихи шындықгың эпикалық көрінісін, қоғам құрылысы мен табиғат суретін, адамның қайғы-қасірет, қуаныш сүйініш сезімдері музыка арқылы бейнеленетін сәттерді көптеп табамыз...» дейді Бекболат Бектұрұлы өзінің «Қазақгың күйлер керуені» атты моно- графиясында. Бұл штрихтарды музыка мамандары күйдің мәнін шәкірттерге түсіндіру жөнінде белгілі ғалым-ұсгаз мұғалімдерге берген кәсіби ақыл-кеңес деп тұсінері сөзсіз. Музыка сабағын әртұрлі жаңа әдіс-тәсілдермен, пәнаралық байланыста оқьгту өткен ғасырдың аяғында айтарлықтай педагогикалық проблема болса, Қ. Жұбанов атындағы Ақгөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы Б.Бекниязов бұл проблеманы шешудің авторлық әдісгемесін жасап, оны мекгеп тәжірибесіне енгізу мақсатында жер-жерде ашық сабақтар өткізді. Сол ашық сабақтардың бірі облыстық білім жетілдіру институтының ұсынысымен 1996 жылы қараша айында Мұғалжар ауданындағы Қ.Жұбанов атындағы Жұрын орта мектебінде «Құрманғазының аман бод шешем, аман бол!» тақырыбы бойынша өткен төмендегі сабақ: Оқытушы Бекниязов бұл шығарманы оркесгрге үйрету сабағында күйдің шығу тарихы, күйші туралы қысқа да тартымды әңгіме айтып, оқушыларды бірден баурап алды да, оларды күйді тезірек тартуға ынталан- дырды, одан кейін күйді орындау кезінде шығармаға қатысты музыкалық терминдер, әдеби теңеулер, өлең шумақтарын айтып, шәкірттердің танымдық процесін біршама тереңдетті, сонан соң музыкалық шығарманың ерекшеліктері мен өзге күйлерден айырмашылығына, көркемдік, ритмикалық, динамикалық жақгарына ар- найы тоқгап, балалардың өтіліп жатқан сабаққа деген үлкен қызығушылығынтуғызды. Бүгін кемел жас 70-ке келіп отырған ғалым-ұстаз- өнерпаз Б.Бекниязовты халық айтқандай «сегіз қырлы, бір сырлы азамат» десек, әсте қателеспейміз. Өйткені, ол теоретик маман, танымал әдіскер болумен қатар өмірінің қай кезеңінде де басгамашылдығымен, ұйымдастырғыштығымен, тәлімгерлігімен де көзге тұсіп жүрген іскер тұлға. Оған Бекболат Бектұрұлының жеке инициативасымен өзі қызмет істейтін Ақгөбе мемлекеттік университетінің базасында III Республикалық «Үздік му- зыка мұғалімі-2006» конкурсының жоғары деңгейде өтуі.одан тәлім алған талантты шәкірттердің (Н. Абдуллиннің, М.Айтимовтың, А.Жақсыбаевтың) кәсіби музыка өнерінің үлкен биігінен көрінуі, музыка кафедрасын басқарған 20 шақгы жыл ішінде өзімен қатар жұмыс істеген жасы кіші оқьгтушы кадрлардың 50% ғылыми дәрежеге, құрметті атақтарға ие болуы айқын дәлел бола алады. Құрметті демалысга жүргенмен әлі де университетте қызмет ететін ардагер ұстаз, профессор Б.Бекниязов бүгінде музыка мамандығына мемлекеттік гранттардың республика көлемінде өте аз берілуі, сазды аспаптарда ойнауды үйретуге бөлінетін сағаттардың тым аздығы, қайсы бір аспаптарды (баян, аккордион сияқгы) жоғары деңгейде меңгерген түлекгердің эстрадаға т.б. музыка салаларына кетуі, орындаушылық өнердің мазмұнын ғылымиландыруға жеткіліксіз көңіл бөлінуі сияқгы т.б.мәселелерге үлкен алаңдаушылық білдіреді. Сөз соңында ұстаз-ғалым-өнерпаз әрігггесіміз Болат Бектұрұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оған ұзақ өмір, отбасы бақьгты мен зор табысгар тілейміз!

 

Болат БАЙМҰХАНОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер