BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ немесе субмәдениет дегеніміз не?

 Жаңа ғасыр көптеген дүниелердің даму шыңына жет- кен, жаңа лептің бастау алған кезеңі. Бұл тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес, рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Жаңа заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің яғни, табынушылықтың, психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс Қазақстанға да дендеп енді. Субмәдениет өкілдерін көшеде көргенде бірден- ақ тани аламыз. Себебі олардың киім киістері, өздерін ұстауы, сөйлеулері тым өзгеше. Басынан аяғына дейiн қап- қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған, үстi-басы металдан жалтырап тұрған, өзгелерге ұқсамайтын «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Субмәдениет қазіргі уақытта бiздiң қоғамдағы жастар ара- сында белең алып барады. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады. Сұраш, саған деген сезімдерімнің мөлшерін, Ешкім жауап бермейд, себебі шексіздік есептелмейді... Иә, бұл жақында ғана өнер сахнасына шыққан «91» атты топтың жаңа өлеңі. Бұл топты 16 жылдан бері киелі сахнада ән салып жүрген «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан құрған. Рас, әркімнің сүйіп тыңдайтын әншісі бар. «Орда» тобының кей әндері маған ұнайтын, ал жақында жарыққа шыққан «91» тобы мен үшін Ринат Зайытовтың тілімен айтқанда жиіркеніш тудырды. Ән мен әнші туралы бірінші рет жазып отырғанымыз жоқ. Алайда, мына көшірме топ (себебі өздерін тура кәріс жігіттеріне ұқсатып алған авт.) жайлы жалғыз мен емес, күні кеше Бисен Құранбектің «Айтуға оңай» бағдарламасы да біраз сынап алды. Сонымен... Қазақ эстрадасындағы жаңашылдық деп ауыз толтырып айтқанымызбен, біздің қазақы мәдениетімізге өте алыс, еліктеушіліктен, басқа ағымға ойысып бара жатқан жеткіншектердің болашағына алаңдамасқа болмайды. Қазақ ән өнерінің эстрадалық жанры 1960 жылдардан бастап қанат жая бастады. Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев сияқты әншілер де сол кезде халыққа кеңінен танымал болды. Ал 70-жылдары өнер көгіне көтерілген «Досмұқасан» ансамбльінің орындауындағы әндер де сол замандағы тыңдармандар үшін едәуір тосын еді. 2000-шы жылда- ры ән өнерінде бірнеше бағыт пайда болып, рэп, синди-поп, хипхоп түріндегі әндер жиі шырқалатын болды. Бүгінгі күні осындай жаңаша бағыт ұстанған топтың бірі осы «91». Әндерінің тілі түсініксіз, билері де ерсі, шетелдің есірткіден есі кеткен есуастарындай бастарын анда-мында шайқап, жын шақырып жатқандай жұлқынып бағады. Десе де, олардың әндері шетелдерде танымал көрінеді-міс. Тіпті олар бұл топқа «қазақпоп» деген атау беріп те үлгерген екен. Бұттарына тырысқан шалбар, құлақтарына сырға тағып, шаштарын қызыл, сары түске бояған қазақтың қарадомалақтарына қарның ашады. Топтың әншісі «91» атауын мақтанышпен «91 жылы біз өз тәуелсіздігімізді алдық. Жастардың көзқарасы, өнері тәуелсіз болғандықтан осылай атадық» дейді. Ал, топты құрушы Ерболат Беделхан оның мақсатын «Жастарға назар аударайық, жастар үшін еңбек етейік деген ұстанымды алғанбыз. Жастарға ешкім мән бермейді, неге олардың 99 пайызы шетелдің әнін тыңдауы керек, бізде оларға тұтынатын ән жоқ. Сондықтан осы топ өмірге келді. Мен өзім хипхоп субмәдениетінен шыққан баламын. «91» тобы осы қазақпоптың алғашқы қарлығаштары» деп бөсті. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл-күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан - белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Жастар қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады. Олар білім алып, жаңашылдықты қабылдап, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде. Өз салаларында белсенді. Тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дегенмен, жаңаша ойлау, жаңаша пошым- келбет, ерсі қылық, еліктеушілік осылардың барлығы жастардың сана-сезіміне қылау түсіруде. Субмәдениет осы екен деп, айды аспанға бір-ақ шығарған бұл топ көптің көңілін күпті еткені рас. -Балаларға көзінше айтайын, тобымыздың аты «91» дейді. 86-шы жылы біздің боздақтар алаңға шыққан кезде не үшін шықты, ең бірінші Қазақ елін қазақ басқаруы керек, біз қазақи болмысымызды жоғалтып бара жатырмыз. Сондықтан болашақ ұрпағымыздың азғындамауы үшін басымызды ажалға тігіп, осы империямен бірге күресейік дедік. Ол кездегі империя басқа болатын. Қазір бүкіл дүниежүзінде осындай аздаған ұлттарды жойып жіберудің үлкен үрдісі жүріп жатыр. Онда ешкім мылтықпен атпайды. Тілін, дінін, салт-дәстүрін, сол халықтың азаматтарының еркектігін жоғалтады. Бұл Еуропада үстінен басып, таптап тастаған құбылыс. Қазір Еуропада телеарнаға еліктеу арқылы Эльтон Джонс секілді әншілердің ашық, мұндай нәрседен ұялмау керек, бұл жаңалық дегеннің кеселінен бүткіл буын бұзылып бара жатыр. Балалардың музыкалық бағытында ешқандай мін жоқ, мәселе олардың сыртқы болмысында. Және бір нәрсені түсінбейді. Сендер телеарна арқылы біздің бала-шағамызды тәрбиелеп отырсыңдар. Сендер қандай боласыңдар, ертең бала-шағамыз сондай болады. Бұл әлемде жоқ нәрсе болса бір жөн. Ол кәріс топтарының «тізесін шығарып» тоздырып тастаған үлгісі. Жігіттердің өзінен бір-ақ нәрсе сұрағым келеді. Менің әкемнің әскерде түскен суреті бар, сонымен балаларыма мақтанып, мынау менің әкем деймін. Сол сияқты сендердің де балаларың болады. «Мынау менің әкем» деп көрсеткенде, сендердің осындай түрлеріңді көрсете ме? Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, суын ішкеннен кейін менің тәрбием 18 - ғасырдың не 70- ші жылдардың тәрбиесі емес, сол кезде ұстазымыздың бойымызға дарытқан қазақи тәрбисін қазір балаларыма үйретудемін. Сондықтан мені қатты айтты демеңіздер, мен қайта бер жағын айттым. Басқадай дауым жоқ, Айды мойындата ма, жоқ Марсты мойындата ма өздері білсін. Бірақ қазақи болмыспен мойындатуын талап етемін. Әйел еркекке ұқсаса, еркек әйелге ұқсаса оған Алланың лағнеті болсын дейді. Мен жастарға шапан ки деп отырған жоқпын. Кезінде Оспан батырға Сталин Совет Одағының Батыры деген медальді берген кезде «Мына жалтырақты қатыным тақсын, мен Отанымды қорғайтын адаммын, маған мылтық берсін» деді. Тәуелсіздігіміздің буыны қатпай жатқан кезде не Отан қорғай алмайтын, боянатын, секіріп билегеніне мәз болатын, бұл біздің өмір сүруіміздің бағыты дейтіндерден не күтеміз,-деді Ринат Зайытов күйінішін жасыра алмай. Сондықтан да болашақ ұрпақ бізден тысқары жатқан, бөтен мәдениетті қабылдамауы үшін өзіміздің қазақ тіліміз бен қазақы мәдениетіміз, дінімізді сәт сайын насихаттауымыз қажет. Атадан балаға ойысып келе жатқан салт- дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын жастар санасына сіңіріп оны отбасы, балабақша, мектеп, университет, бүкіл қоғам болып жасауымыз керек.

 

Жанар ТҰРДЫБЕКҚЫЗЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер