BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОРАЗА ЖАЙЫНДА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

 1.Оразада сəресіне ұйықтап қалған адам не істейді? Рамазан айында сəресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «ашура күні» жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нəрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тəмəмдасын. Ал ештеме жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!». Бұл хадис тен түсінетіміз, ораза кезінде сəресіге тұрмай таң атырған кісі де сол күнгі оразасын ұстайды. 2.Сəресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе? Сəресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек. Құран Кəрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «... Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар...» («Бақара» сүресі, 187-аят). Бұл аяттағы «қара жіп» – түнді, ал «ақ жіп» таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кезінде сəресі уақытында екі азан айтылатын: бірі сахаба Білəлдің азаны, екіншісі сахаба Умму Мəктумның азаны. Хз.Білəлдің азаны таң намазының уақыты кірмей тұрып айтылатын, ал Хз.Умму Мəктүмның аза- ны таң намазы кірісімен айтылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы екі азан арасында сəресі ішкендігі, екінші азанда намазға тұрғандығы сахаба Зəид ибн Сəбиттен риуаят етілді. 3. Науқас адам оразада не істейді? Алла тағала құлына тек күші жететін нəрсесін ғана міндеттейді. («Бақара» сүресі, 286-аят). Өйткені, Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген. Бұл жайында Құранда былай делінген: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кімде-кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қаза етсін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді..!» («Бақара» сүресі, 185-аят). Тағы бір аятта: «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер», - дейді. Осы жəне басқа аяттарды негізге ала оты- рып ғалымдар: «Науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уəжіп, кейде мубах (рұқсат) болады. Егер науқас кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер бол- са, бұл адамның ораза ұстамауы уəжіп (міндет). Ал егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса немесе жазылуын баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат», - деп үкім шығарған. Ендеше, ораза ұстай алмайтындай сырқат болсаңыз сізге ораза ұстау парыз емес. Бірақ науқасыңыздан айығып, ауыз бекітуге шамаңыз келген кезде тұтпаған күндеріңізді қаза етіп өтейсіз. Бұл кəффарат (арасы үзілмей ұсталатын) өтеміне жатпайтындықтан, бөліп- бөліп тұтсаңыз болады. Ал, бұған да денсаулығыңыз жарамаса, онда оразаның əр күніне фидия төлейсіз. Фидия төлеуге де шамаңыз жетпесе, Алла мейрімді, кешірімді. Пендеге күші жетпейтін нəрсені міндеттемейді. (Шариғатта ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпейтін қарт кісілер (ұстамаған оразасын қаза ете алма- са) рамазанның əр бір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Бұны «фидия» дейді). 4. Ораза кезінде система салдыруға бола ма? Кей жағдайларда табиғи жолдар- мен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дəрі жіберу) жаса- лып жатады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал, одан өзгелері азық болмағандықтан əрі табиғи жолдармен асқазанға түспегендіктен оразаны бұзбайды деп отыр. Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен сис тема алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, оразадан əлсіреген денеге қуат беретін дəрі егуге аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Он- дай дəріні тек ауыз ашқаннан кейін ғана егуге болады. 5. Сағыз шайнау оразаны бұза ма? Сағыздың дəмінен ауызда тəтті сұйықтық пайда болып, ол асқазанға түсетіндіктен, ораза бұзылады. Əрі бұл азық қатарына жататындықтан, бұған кəффəрат қазасын өтеуіңізге тура келеді. Яғни, сағыз шайнап, тəтті сұйықтықты жұтқан адам ра- мазан айынан кейін екі ай үзбестен ораза ұстайды. Бұл жаңа сағыз үшін. Ал, бұған дейін шайналған, тəтті дəмі қалмаған ескі сағызды шайнауға келетін болсақ, бұл мəкрүһ болып саналады. Егер сағызды ораза кезінде ауыздағы жағымсыз иісті кетіру мақсатында шайнағыңыз келсе, бұдан басқа тəсілдерге жүгінуге кеңес береміз. Атап айтсақ, сағыздың орнына мисуак немесе тіс пас тасын қолдансаңыз болады. Тек тіс пастасының көбігін жұтып қоймауды қатаң қадағалаңыз. Ал егер байқаусызда ішке кетіп қалған болса, онда сол күнгі орзаның қазасын ғана өтейсіз. Кəффəрат керек емес. Себебі, тіс пастасы азыққа саналмайды. 6.Оразада тіс пастасын қолданса бола ма? Ораза ұстаған адам аузын тазалауына болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», - деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нəрсенің дəмін тату не шайнау – мəкрүһ, яғни ұнамсыз іс. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дəмі, бəрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мəкрүһ деген пікірде. Алайда: «Оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін»,- деген ғалымдар да жоқ емес. Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, аузы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

 

Абдусамат ҚАСЫМ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер