BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АЖЫРАСУ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

 «Алла Тағала рұқсат еткен ең жек көрінішті нəрсе – ол ажырасу»

 Отбасы – береке-бірлік отаны. Отбасы деп аталатын мекен бірнеше жанұя мүшелерінен тұрады. Олар – ата-ене, бала-келін, ұл мен қыздар, немерелер т.б. Бұлардың татулығы бір жүрекке сыю керек. Ертеден бір мынадай аңыз қалған деседі: «Ертеде бір тату жанұя болыпты. Бұл жанұя үлкен – 100 адамнан тұрады екен. Бұл туралы дақпырт жоғарыдағы үкіметке жетеді. Олар осы жанұяны көреміз деп шешеді. Жоғарыдағылар келіп, жанұя мүшелерінен: «Сендер қалай тату-тəтті тұрып жатырсыңдар?»-деп сұрайды. Сол кезде жанұя басшысы қағаз алып, оған 100 сөз жазып, үкімет басшысының қолына береді. Жанұя басшысы қағазға жүз рет «түсінісу» деп жазып беріпті. Бұған үкімет басшысы: «Татулықтың негізі түсінісіп өмір сүргенде екен ғой»,-деп ризашылық білдірген екен. Рас, бақ береке мен бірлікке келеді. Ал жанұядағы татулықтың өзі үлкен отбасылық тəрбиеге байланысты болмақ. Бүгінгі əңгімеміз ерлі- зайыптылардың ажырасуы болмақ. Ажырасу дұрыс емес деп жатады үлкендер жəне қоғам мүшелері. Ажырасуға келіспеушілік дұрыс, ажырасудың артында көп мəселе бар, ерлі-зайыптыларда бала бар, ортақ үй, ортақ дүние бар. Ажырасқан адам ажырасып кете барса дұрыс, олар заңды түрде ажырасу керек. Қоғам соны талап етеді. Заңды құжаттармен рəсімделу керек. Ондай болмаған жағдайда өмір сүру талаптары орындалмайтыны хақ. Ал ажырасуға мəжбүрлейтін қандай себептер? «Сананы тұрмыс билейді» дейтін қағида бар. Бұл дəлелді нəрсе. Барлық отбасының əлеуметтік жағдайлары бірдей емес, біреуде бар, біреуде жоқ заман. Отбасындағы жетіспеушілік те кикілжіңге əкеп соғады, ажырасуға бірден-бір себеп – жетпес дүние. Тағы мынадай себеп- тер келтіруге болады. Кейбір жанұяда ене мен келін сыйыс пай жатады. Екеу ара келіспейді. Неге? Келін – басқа бір үйдің қызы. Оның көрген тəрбиесі бөлек. Жалпы орта білім беретін мек- тептерде отбасылық тəрбие беру назардан тыс қалмау керек. Келін келген үйінің əлеуметтік жағдайларына қарай төселу керек. Егер ішіп-жемің аздау болса, оған үнемшілдікпен қарау керек. Азық-түлікті үнемді ұстау керек. Бұл тəрбие екі жақтан болса, тіпті жақсы. Бұрын үлде мен бүлдеге оранып жүретін қыздар əл-ауқаты орта отбасына келеді де, бұрынғы үлде мен бүлдесін талап етеді. Ал оны осындай жақсы жағдаймен ұстайын десе, отбасы қаржысы жетіңкіремейді. Күйеуі екеуі арасында келіспеушілік осыдан да туындайды. Болашақ менің өз үйім деп, келін боп түскен үйге психологиялық дайындықпен келген келін адалдығын əруақытта көрсете алады. Кейбір келіндердің аналары қызының келін боп түскен үйінің хал-ахуалына араласып, қызына кереғар ақыл айтып жатады. Егер аналар: «Барған үйіңнің дұрыс болуы саған байланысты, барған жерің, енең, күйеуің туралы айтып келме» деген ескертпелер болса, отбасы құндылығы сақтала берері сөзсіз. Келін енесінің күйеуінің анасы екенін ұмытпау керек. Əруақытта айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдай білсе, ондай үйде ұрыс-жанжал болуы мүмкін емес. Ажырасу абзал болатын, тіпті міндетті болатын жағдайлар бар. Мысалы, бұзылған əрі пасық əйелмен байланысты т.с.с. жағдайлар. Ғалымдар мұны да дəлелдеген. Қоғамда бəрі кездеседі. Жұмыс аяғында ішімдік ішіп, үйге қызулы келу, тіпті ішімдікке салынып жүріп, баланы өмірге əкелу, бала тəрбиесіне назар салмау, үй тұрмысына салғырт қарау, салақ та олақ əйелдер ажырасуға бейім тұрады. Он- дай əйелдерден ер-азаматтар құтылуға асығады. Мынадай деректер келтіруге болады: «Əлдебір əйелмен өмір сүру шариғат бойынша тыйым салынған нəрсеге ұшыратады, əрі ажырасусыз бұдан арылу мүмкін болмаса, онда ажырасу керек. Мысалы, əйелдің дінінде немесе адалдығында үлкен кемшілігі бар болады, əрі ол əйелді өзгерту мүмкін бол- майды, онда біз: «Ажырасқан абзал!»-дейміз. Ал енді шариғи немесе дəстүрлі себептерсіз ажырасу туралы айтатын болсақ, ажыраспаған абзал. Оған қоса, мұндай жағдайда ажырасу айыпталады». Бүгінгі телеарналар ажы- расудың түрлі себептерін көрсетуде. Бірде «Əйел бақыты» бағдарламасына бір баласымен күйеуінен ажы расқан келіншек келді. Енесімен келіспей ажырасқан екен. Сұрақтар туындап, сұхбаттаса келе, енесі үй тұрмысына байланысты түзетулерді көп береді екен. Демек, ұстап-тұту, тамақ əзірлеу, тазалық, т.б. Сол сөздер бұл келіншекке ауыр тиіп кетіп қалған. Ашуы басылып, енесінен кешірім сұрап келсе, енесі қабылдамапты. Егер осы келіншек артығырақ айтқан сын-ескертпелерді көтеріп, кемшіліктерді жоюға тырысса, мінезге сала бермей, түбі сол үйдің жақсы келіні болмай ма ?! Бүгінгі жастарға еңбексіз, қиындықсыз үй болу мүмкін еместігін түсіндіру керек. Жас келіндердің немесе күйеулердің кемшіліктері болса, үлкендер оларға бас шұлғып қарай бермейді. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді атам қазақ. Мынадай мысалды тағы да келтіре кетсек: Амр ибн Динар былай деп əңгімелейтін: «Ибн Умар өзінің əйелімен ажырасқанда, əйелі оған: «Сен менен өзіңе ұнамайтын бір нəрсе көрдің бе?!»-деді. Ол: «Жоқ»,-деді. Сонда ол: «Ендеше, не себепті сен ары таза мұсылман əйелмен ажырастың?!»-деді, осыдан кейін ол оны кері қайтарды». Міне, əйел ар тазалығын сақтаған жағдайда еңсесін көтере жүреді, баланы дұрыс тəрбиелейді, отбасындағы жарына адалдығын сақтайды, сөзі де жүреді. Бұлардың бəрі өмірде дəлелденген əрекеттер. Тұжырымға келсек: «Айырылған азады, қосылған озады» деген қағида берік сақталғанда ғана, ерлі- зайыптылардың бір-біріне деген сенімі арта түспек. Тəрбие жан-жақты болған жағдайда ғана отбасы құндылығы сақталары даусыз.

 

Ербол УРАНОВ, Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешітінің найб имамы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер