BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Өрлеу» шартты ақша көмегі

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ақмола облысында халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бағдарламасы - Өрлеу» шартты ақша көмегінің пилоттық жобасы енгізілді.
«Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуға жағдайлары жоқ, бірақ өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда кедергілерден өту үшін көмек пен қолдауға мұқтаж халықтың тобына көмектесуге тиіс.

«Шартты ақша көмек» деген атауы тиісті шарттар орындалған кезде ғана ұсынылатын болады деп айтады.
«Өрлеу» бағдарламасының негізгі шарты Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ғана емес, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен (жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарға қатысу) жүзеге асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына еңбекке жарамды азаматтардың қатысуы болып табылады.
Шартты ақша көмегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздан төмен орта жандық кірісі бар отбасыларына тағайындалады (2015 жылдың үшінші тоқсанында 11360 теңге).
«Өрлеу» пилоттық бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2014 жылы біздің бөліммен бір жылға отбасыны жандандырудың 14 әлеуметтік келісімшарты жасалды, сонымен бірге «Өрлеу» жобасының 3 қатысушысы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 11 қатысушы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
2015 жылдың 9 айында отбасыны жандандырудың 9 әлеуметтік келісімшарты жасалды, сонымен бірге «Өрлеу» жобасының 3 қатысушысы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 6 қатысушы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
Толық ақпарат алу үшін Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне немесе тұрғылықты орны бойынша селолық, ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктеріне өтініш жасауға болады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер