Жаздың бір күні жылға азық - Мұрағат|30 Шілде 2015, 09:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаздың бір күні жылға азық

Ауданымызда шөп шабу науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Ауа райының құбылмалылығына қарамастан ауыл еңбеккерлері мал азығын уақытында жинап алуға бар күш- жігерлерін жұмсауда. Ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша ауданымызда 50 мың гектар алқаптың шөбі шабылып, жоспардың 115% құрайды. Қазіргі кезде ауданда оның екі жылдық қоры бар. Орташа шығымдылығы гектарынан 9-10 центнерден айналуда. Көш басында келе жатқан шаруашылықтар: «Агрофирма «Бабық Борлық» ЖШС (С.Ғ. Махметов), «Баянтай» ЖШС (С.Қ. Есенғалиев) және «Гусаковка» ЖШС (Н.М. Сердалин). «Бабық Борлық» ЖШС-де 2000 гектар алқаптың шөбі орылды, орташа шығымдылығы 7,5 ц/г. 1100 тонна шөп тасымалданды. Шаруашылық еңбеккерлерінен басқа, серіктестік жалғызілікті зейнеткерлерге, азқамтылған жанұяларға көмек қолын созуда, оларға 300 тонна шөп таратылды. «Баянтай» ЖШС 350 гектардың шөбі шабылып, орташа шығымдылығы 9 ц/га айналды. 350 тонна шөп тасымалданды. «Гусаковка» ЖШС-де 1500 гектар алқаптың шөбі орылып, 1200 гектардың шөбі жинап алынды. Шаруашылық еңбеккерлеріне, зейнеткерлер мен азқамтылған отбасыларға көңіл бөлінеді. Ауа райының жаңбырлы болуына қарамастан, шөп шабу науқаны қарқынды жалғасуда. Өйткені әр ауыл тұрғыны жаздың бір күні жылға азық екенін жақсы түсінеді.

 

Өз хабарымыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер