BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сарыарқа төсіндегі сұлу қала

 Әбілжан НҰРМАҒАМБЕТОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері

-Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Астанадағы шеруге облыс атынан он жеті адам бардық. Онда ұлттық әскердің озық техникасын, қару-жарағын көрсетті. Ұлттық армиямыздың айбынына риза болып, Елорданың көрікті жерлерін тамашаладық. Сарыарқа төсіндегі сұлу қалаға бұған дейін бірнеше мәрте барғанмын. Сондағы байқағаным, Бас қаламыз жыл сайын түрленіп, өзгеріп отырады. Аспанмен таласқан зәулім ғимараттары көз тартады. Анадайдан қол бұлғап, өзіне қарай шақырып тұратын алып «Бәйтеректің» өзі бір төбе.
Сәнді де сәулетті ғимараттардың қатарында «Әзірет Сұлтан» мешіті де бар. Алла үйінің Тәуелсіздік даңғылында, Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайларының жанында орналасуының да мәні бар. Яғни, халықты адамгершілікке шақырып, ізгілікке үндейді. Мешіт ішінде кітапхана, білім алуға арналған дәрісханалар бар. Бұл дегеніміз мешіттің құлшылық орна ғана емес, мәдени-ағартушылық орны екенін білдірсе керек.IMG_5117
Қазіргі Астана мен бұрынғы Целиноград қаласының айырмашылығы жер мен көктей. Бүгінгі Астананың көрікті жерлерін айтып тауысу мүмкін емес. Ерке Есілдің бойындағы керім қаланың әрбір ғимараты ерекше.
Астана-Тәуелсіз мемлекетіміздің Бас қаласы. Осындай шырайлы шаһарда үлкен қызым Ақзира тұрады. Ол да Елорданың дамуына үлес қосып, денсаулық сақтау саласында еңбек етті. Ұзақ жылдар кордиолог болып жұмыс істеп, қазір зейнеткерлікке шықты. Балаларым мен немерелерімнің Астанада тұрақтап, білім алып жатқандары үлкен мәртебе. 
 
 
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер