BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Соғылмақ соңғы қоңырау, соққызбай уақыт қоймайды

Күмбірлеген қоңырау үні. Бүгінгі күні ол ерекше. Жыл бойы сабаққа шақыратын қоңырау бүгінгі күні оқушылардың басым бөлігін жазғы демалысқа шығарып жатса, есейген, қанаттары қатайған бөлігін үлкен өмірге шығарып салып жатыр. Ұстаздар үшін де, тоғыз жыл, он бір жыл бойы көз алдарында жүрген балалардың бір демде есейіп кеткендей болған тұлғаларын көріп, сынағы мол, ағысы қатты толқынға қадам басатындарын ойлаудың өзі жүректеріне ауыр жүк артуда Алайда өмір заңдылығы осында. Кешегі бала ержетіп, өзінің арманына асығатын күні туады. Түлектердің әрқайсысының да алға қойған мақсаты, ойлаған арманы бар. Сол мақсаттарына сүрінбей жетіп, армандарын әдемі нәтижемен жүзеге асырса екен дейміз. Ұстаздардың білім берген әрбір күндері бала ойында қатталып, білім нәрімен сусындаған олардың алар биігі көп, жетемін деген ұмтылыстары тоқтау көрмесін. Сәтттілік тілейміз, жас түлек!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер