BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Діни сауаттылық

 Аршалы ауданының мәжіліс залында «Діни экстремизм мен террорлыққа қарсы әрекет бойынша түсіндіру тәртібі» семинар-кеңесі өтті. Отбасынан басталған тәрбие, адамның өсе келе айналасындағы кері әрекетке итеретін ағымға түсіп кетуінің әсері барысында өрбіген әңгіме қашан да қай уақытта болмасын қоғамда әрбір адамға деген көзқарас пен дұрыс бағыт бере білуде уақытты кешіктірмеу. Байқаған сәтте барынша сауаттылық пен сабырлық сақтап, кері ағымға икемделе бастаған жанның көкірек көзін ашып, дұрыс жолға салу. Осы бағытты қамтыған семинарды ашып, Ақмола облысы бойынша ҰҚКД орталығының террорлыққа қарсы бөлім қызметкері С.А. Черемновқа сөз берді аудан әкімі Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов. С. Черемновтың баяндамасы өте тартымды, нақты мысалдармен келтіріліп, жиналған қауымға қазіргі таңдағы басты бақылайтын мәселелердің бағытын нықтауда жақсы қамтылды. Әрбір ауданда әкімдік жанында құрылған арнайы комиссияның жұмыстарына тоқталып, қашан да кері әрекеттегі топтардың ізіне түсіп, дұрыс жолға тартудан гөрі осындай топтардың белең алуына тосқауыл болғанның нәтижесі зор екендігін айтты. Г.К.Сахаева – Ақмола облысы әкім аппараты мемлекеттік – құқықтық жұмыс бас маманы комиссия жұмыстарының дұрыс есебін, алға қоятын жоспарларының тәртібін, жасалған жұмыстарының барысын қалай берулері керектігі туралы түсіндірмелік баяндамасын жасады. Әрбір келеңсіз жайттың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру жолдарын да көрсетті. Залда жиналғандар тарапынан сауалдар қойылып, С.А.Черемнов оған мысалдар келтіре отырып жауап берді. Қорыта айтқанда қашан да қай уақытта да адасқанды жолға салудан гөрі адастырмайтындай шараны ұйымдастырып, адамзатты діни сауаттылық пен өз өміріне деген жауапкершілікке тартудың маңызы зор.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер