BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аcсамблеяға 20 жыл!

Ассамблея – бұл сөз барлық қазақ елінің тұрғындарына əбден таныс. 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған жылы. Сол жылдан бастап елдегі ынтымақтастыққа жол ашылды. Бірігушілігіміз əрбір істен байқала бастады. Тəуелсіз мемлекеті- міздің алға қойған мақсаттары орындалып, еліміздің биік шыңға көтерілуіне - тек біздің, яғни, қазақ ұлтының күшімен ғана емес, қазақ жеріндегі көп ұлт- тардың көмегімен де жетіп келе жатырмыз. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлттар өмір сүруде. Барлық ұлттың бір мақсаты, бір мүддесі, бір болашағы, барлығы мемлекет үшін деген ұранмен алға жылжып келе жатыр. «Қазақ жері өте бай, себебі тек қазақтардың ғана емес, өзге ұлттардың да мемлекетіне, Отанына айналды», - деп айтылған сөздерді шетел азаматтарынан көптеп естуге болады. Еліміздің бірлігіне, ынтымақтастығына, қазақ жеріне тіреу болып тұрған ол – Ассамблея. Сондай-ақ, еліміздің тілін, дінін насихаттап, жоғалтпай, сақтап келудеміз. Егерде ортақ тіліміз қазақ тілін алатын болсақ, еліміздегі əрбір ұлт қазақ тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлеуде. 1 мамыр - Халықаралық ынтымақ күні. Қазақ жеріндегі ұлттар мерекесі. Биыл Ассамблеямызға 20 жыл! Əлі де алға қояр мақсаттарымыз көп. Мемлекетіміз биік шыңдардан көрініп, ынтымақтастығымыз ажырамасын. «Ақпыз, қара, сарымыз ағайынбыз бəріміз» дегендей, қандай ұлт болсақ та, алға қойған мақсаттарымыз бір мүддеге əкеледі. Ынтымақтастығымыз жасай берсін!

 

Мадина БАЗЫЛБЕКОВА, Терісаққан негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер