BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтын ұя – мектебім

Білім кілті - мектепте демекші, екінші үйіміз – мектеп. Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нəрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анаңдай тəрбиелейтін ұстазды көресің. Қазақтың: «Мектеп – кеме, білім - теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі сенің «Мектеп» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен де сол жерге дейін барып биік шыңдардан көрінерің анық. Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Мектеп «үлкен отбасы, ұстазымыз біздің ақылшымыз, анамыз, сыныптастарымыз жақын досымыз деп білемін. Мектеп директоры - Əбішева Сəуле Мұқанқызы. Мектепте 260 оқушы жəне 40 ұстаз бар. Ондағы өтіп жатқан əрбір күнім шаттыққа толы. Менің мектебім үлкен, əрі екі қабатты. Бірінші қабатта асхана, спортзал, кітапхана жəне бастауыш сыныптары бар. Менің сыныбым екінші қабатта. Сыныпта 12 оқушы бар. Менің сыныбым жайлы айтатын болсам, ондағы оқушылар жарқын жүзді, инабатты. Сынып жетекшім - Мұханғалиева Күлзихан Дастанқызы. Бізді 5-сыныптан бастап тəрбиелеп келеді. Өзім мектеп өміріне белсене араласамын, облыстық жəне аудандық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Келешекте алдыма үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елім мақтан тұтатын бір азамат болғым келеді. Осы ауылда туып, осы мектепте оқығаныма мақтанамын!

 

Айым ТӨЛЕУБАЙ, Ешім орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер