BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бұл жағдайды ұмыту мүмкін емес...

Сәуір айының соңы... Көктемнің көгілдір күні көңілге шуақ шашып, жылы лебі қуанышқа толтырып, жан-жағымыз жайнап келе жатқан еді. Адамдардың барлығы 1 мамыр мерекесіне дайындалып жатқан. Алайда сол жылы, 1986 жылдың сәуір айының 25-нен 26-на қараған түні сағат 1.32 минутта Чернобыль АЭС - ның төртінші блогында жарылыс болды. Бұл залал кезінде Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбаның күшінен 50 есеге артық болғандығынан хабардар болдық. Қаншама адам зардап шегіп, қиыншылыққа тап болды десеңізші! Апаттың кесірінен қираған қаланы орнына келтіруге жан-жақтан жарты миллонға дейін солдаттар, әскери жандар, олардың ішінде 30 мыңнан астам қазақстандықтар жіберіліп, көмек көрсетті. Алайда қираған жерде тазалай жүріп, өзінің денсаулығына үлкен қатер төндірген жандар айықпас дертке шалынып, өмір бойы аурудың құрсауында қалды. Аудан аумағында бүгінгі таңда чернобыл апатына көмек берген 65 жерлесіміз бар, олардың 58-і мүгедектікке шығып отыр. Сонда да шамалары келгенше еңбек етіп, қоғамдық жұмыстардан да қалмай келеді. Олардың ішінде Владимир Владимирович Ерисов, Николай Геннадьевич Ковалев Түрген ауылынан, Виктор Николаевич Скляров Донецк селосынан, Валерий Петрович Ярмолицкий, Александр Михайлович Табашнюк, Геннадий Турсунович Халимбаев, Николай Германович Рангно Аршалы кентінен және басқалары. Қазір бұл жандар соғыс ардагерлерімен теңесті, жеңілдіктерге ие болып отыр. Бүгінгі ұрпақ бұл апат туралы естігенімен сезінбейді де, сезбесін де. Бейбіт өмір болсын. Ал сол кезде денсаулығын ортаға салған замандастарыма мықты болыңдар, денсаулықтарың көп сыр бермесін, жайлы өмір сүріңдер, шаңырақтың бақытына бөленіңдер дегім келеді.

 

А. Ухналь, Чернобыл ардагерлерінің аудандық бірлестігінің төрағасы 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер