BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлерге көмек

 Аршалы кентінде маңызды оқиға. Ауданның барлық тұрғындары үшін, әсіресе өз кәсібін бастамақ болған, қазіргі таңда кәсібін дамытпақ болған жандарға арналған орталық жұмысын бастады. Орталықтың салтанатты ашылу сәтіне аудандық мәслихаттың хатшысы Ю.К.Сериков және аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.К.Балташев қатысты. Орталықтың ашылуымен құттықтап, қадамының мықты болуын тіледі. Аршалы аудандық сотының судьясы М.А.Әміров өз кезегінде бұл орталықтың жұмысының маңызды болатынын, сауатты кәсіпкерлердің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесінің мол болатындығына тоқталып, қуанышты сәтпен баршаны құттықтады. Орталық директоры Р.С.Оспанов бұл орталықта кәсіпті ашу, дамыту бойынша қажетті кеңестерді алуға болатынын, құқықтық сауалдарға жауап алуға болатынын, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде қажетті кеңестерге ие болатындарын, тегін бизнес мектептерінде сауат ашып, алғашқы кәсіптің қыр-сырын игеруге болатындығын айтты. Орталық штабында үш кеңесші жұмыс жасайды. Қызмет қазақ тілінде және орыс тілінде беріледі. Орталықтың беретін дәрісі қашан да құнды. Бұл әрбір кәсіпкер үшін таптырмас құрал, даму барысындағы айқын бағыт.

 

Суретте: аудан орталығындағы кәсіпкерлерді қолдау Орталығының ашылу салтанаты


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер