BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әкелер даңқы мәңгі есте

Күллі ел болып дүбірлетіп тойлаға- лыжатқан Үлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесі де күн санап жа- қындап келеді. Осы тарихи датаға орай әкем - соғыс ардагері Ораз- бай Қүлбайүлы жайлы сыр бөліскім келеді.

Әкем Оразбай 1919 жыдцың қазан айыңца Қаратая өңіріндегі «Ұмтыл» ауылында дүниеге келген. Жастайынан анасынан айырылып, әкесі Құлбай атам жетелеп жүріп тәрбиелеп, ауылдық мектепке оқуға берген. Мектепті ойдағыдай аяқтаған түста жалғыз жанашыры - әкесі қайтыс болады. Жасөспірім бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп, ержетеді. 18-19жасында әскери міндетін атқаруға шақырылып, Украина жерінде борышын өтеп жүргеңде, сұрапыл соғыс басталып кетеді. Бозбала жігіт соғысқа аттанады. Бірнеше дүркін алғы шепте жүріп, ақыры 1943 жылы қолынан ауыр жараланып, ауруханаға түседі. Сол кезде елге «өлді» деген қаралы хабар келеді. Ел - жұрты 40 күндік ас мәзірін өткізіп қойған соң, әкем елге аман-сау орапған екен. Осындаи жағдаилар сол кезде жиі болмаса да, орын алып тұрған екен. Елге келіп, жұмыс қолы тапшы еңбек майданына кірісіп кетеді. Ол мал шаруашылығының басшы маманы, оның көмекшісі, басқа да ауыл тірлігінің бар жұмысына белсене атсалысады. Еңбекте алда болып, тапай мемлекет наградаларының иегері атанады. Ауылда жүріп анамыз Сексенбайқызы Ризамен отау құрады. Екеуі өмірдің ащы-түщы дәмін бірге татады. Қызығынан қиындығы басым болған жастық шақтарының бар жақсылығы қыздары мен ұлдары, немерелері болды. Оларға бар мүмкіндіктерін жасады, жоғарғы білім беруді өздеріне мақсат етті. Ол армандары орындалды. Соғыс салған зардаптардың әсерінен денсаулығы сыр берген, әкем 70 жасында өмірден озды. Бүгін де бала - шағасына ие болып қапған анамыз 90-нан асты, қарашаңырақ иесі Бекет пен Жанардың қолында, немере-шөберелеріне Ұлы Отан соғысына қатысқан Оразбай аталарының ерлігі жайлы әңгімелеуден шаршамай, жары көре апмай кеткен жеңістің 70 жылдық мерей тойын көрсем деп үміттенеді. Әкеміз Оразбай өте турашыл, адал, ұстамды, жомартжан еді. Оразбай атамыз сияқты жүректерін оқ тесіп тілерсектен от кешіп Отан қорғаған,табанынан сыз өтіп, ауыр еңбекті қасқая атқарған барлық ардагер апа-аталарымыздың батырлығы мен батылдығы, олардың даңқын ұлықтар үрпағы барда мәңгі өшпек емес!

 

Қантай ОРАЗБАЙ, әдіскер-үстаз, Қазақстан Республикасының білім беруісінің үздігі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер