BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келелі кеңес

 Кеше аудан әкімдігінің улкеи мәжіліс залында ауданда қант қызылшасын, көкөніс өсіру, баптау жене минералды тыңайтқыштарды, гербицидтерді қолдану, техниканы лизингке алу мәселелері бойынша семинар кеңес өткізілді.

 Басқосуға қала, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, ауылшаруашылық құрылымдары, шаруа қожалықтарының иелері, қоғамдық ұйымдардың және бүқаралық ақпарат қүралдары өкілдері қатысты. Сонымен қатар жиынға облыс тарапынан шақырылған қонақтардың арасында Алматы облысы әкімінің егін шаруашылығы бойынша ке- ңесшісі Абулхайыр Бексүлтанов, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ облыстық филиалының директоры Бақберген Атантаев,КОС АГРОКОМЕРЦ өкілі Рустам Токтаев, «КазАгроФинанс» АҚ директоры Ержан Үстаев, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Үлттық компания» АҚ өкілі Данияр Медетбеков, Кексу қант зауытының директоры Алтынбек Абатов, «Сингента Қазақстан»ЖШС- ның менеджері Әділ Есімов қатысты. Келелі басқосуды аудан әкімі Қайрат Бисембаев ашып, жиынның мақсатымен таныстырды. Өз кіріспе сөзінде Қайрат Әшірәліұлы қатысушылардың атынан келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ,, биылғы жылы Елбасы тапсырмасына сәйкес Алматы облысы 4600 гектар жерге қант қызылшасын егуге тиіс болса, Қаратал ауданы бойынша бүл көрсеткіш - 560 га екендігін жеткізді. «Осы жоспар орындалуы қажет», - деген аудан әкімі былгырғы жылдары қызылша еккен азаматтардың көптеген қиындықтары қайталанбас үшін ауданымызда бірқатар жүмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Айтар болсақ: техника, су тапшылығы, сапалы түқым, қант зауытының уақытылы есептесуі, тыңайтқыш, субсидия т.б. мәселелер. Семинарда негізгі баяндаманы Абулхайыр Бексултанов жасады. Ол қант қызылшасын өсірудегі агротехнологиясының қыр-сырымен жете таныстырды. Мінбеге көтерілген облыстан келген азаматтар өз тараптарынан ақпараттар беріп, жиналғандардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тасыбаев қорытындылады.

 

Сарқыт ДӘРКЕНБАЕВА 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер