BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тарих толқынында

 «Рухы биік халықтың тарихы мәңгілік» атауымен қаламызда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара өтті.

 Тарихи танымдық шолу «Бабалар өсиеті – ұрпаққа мұра» және «Қазақстан жаңа дәуірде» деп аталатын екі бөлімнен тұрды. Шара барысында келушілер жинақталған кітап көрмесі мен сахналық қойылымды тамашалай алды. Облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойылған ел басына туған азапты күнді бейнелеген «Қазақ елім» деп аталатын әдеби-музыкалық композиция көрермендерге ерекше әсер етті. Азаттық аңсаған сол ата-бабаларымыздың арманы бүгінде салтанат құрды. Елбасы айтқандай, ұлттық тарихымызды ұлықтап, бүгінгі биіктерімізді бағалау – парыз. Осы қағиданы ұстанған ұйымдастырушы Н. Островский атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері іс-шараның екінші бөлігінде тәуелсіз елдің жеткен жетістіктері жайында баяндады. Қазақ хандығының шежіресінде 20-дан астам хан билік құрған. «Қилы тағдырлы тарихи тұлғаларды толық әлі танып білген жоқпыз. Олардың әрқайсысын жаңаша зерделеп, ұрпағымыздың ұлттық мақтанышына айналдыру міндет», – дейді зиялы қауым өкілдері.

 

СУРЕТТЕ: тарихи сахналық көріністер


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер