BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерліктің бастауы - Қазақ хандығы

Егемен ел болғалы бергі уақытқа көз жіберсек көңіліміз толып, кеуде кернер қуанышты да маңызды істердің куәсі болғандығымызға мақтана да, шаттана да алатынымыз ақиқат. Өйткені, олар болашақ армандардың жүзеге асуының бастауы

Тәуелсіздік жеңісінің жемісі ел игілігіне айналып, қарқынды даму жолындағы үлкен өзгерістер қазақ елінің әлемге танылуына жол ашты. Ауыз толтырып айтар, ел мәртебесін көтерер жаңалықтарға толы жылдардың жарқын беттері жалғасын табуда. Соның бір айшықты беті – биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Өткен аптада Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай №3 Аршалы орта мектебінде «Ұлт тарихы - ұлы тарих» атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Басты мақсат – қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуі мен нығаюына үлес қосқан тарихи тұлғаларды оқушылар ара- сында кеңінен насихаттау. Бұған тарих пәнінің мұғалімдері Маржан Абдумуталапқызы және Мади- на Мұратқызы оқушыларды қазақ хандығының құрылу тарихымен слайд шоу, бейнеклип арқылы та- ныстырып, қазақ халқының басын қосудағы Жәнібек пен Керейдің сіңірген еңбегін жан-жақты талдап, тарихи деректерді молынан келтірді. «Батыр баба ұрпағымыз бүгінде, бойында қан, от ойнаған жүзінде, осы күнге жеткізу үшін біздерді, үйде туып, түзде өлген тегінде»- дей отырып, тарихи кешті әдеби-музыкалық бағытта жалғастырған келесі сөзді мектеп оқушыларына берді. Тарихи кешті Серіков Саятбек "Қазағым” әнімен жалғастырды. Жиналған көрермендеріміз оқушылардың қойған "Керей мен Жәнібек”, «Абылай хан” көрінісін тамашалады. «Қазақ хандығы» мен әр кезеңдерде ел басқарған хандар туралы, олардың ел біріктірудегі еңбегін саралаған. «АйДанАру» триосы ерекше дау- сымен тыңдарманды тәнті етіп "Сүгірдің термесі" әнін орындап өз өнерімен бөлісті. Кеште Жұмақан Ерасыл «Жаса, Қазақстан», Тоқтар Оқушылар қойылымнан көп нәрсе ұғып, тәлім -тәрбие алды. Елбасы айтқандай, біздің тарихымыз кеше басталған жоқ. Тамыры, түбі тереңде жатыр. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай- ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет міндеттіміз парыздармыз. Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Ақнұр Арысбайқызы: «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына орай сахналық қойылым ұнады. Алдағы уақытта халқымыздың атаулы мерейтойы Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толу қарсаңында еліміздің әр жерлерінде іс-шаралар өтіп жатқандығын, ұйымдастырылған кеш өз мақсатына жетті, өз деңгейінде өтті деп бағасын берді». Осындай әсерлі тарихи кешті ұйымдастыра білген тарих пәнінің мұғалімдері Маржан Абдумуталапқызы мен Мадина Мұратқызына алғысымыз шексіз. Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! Еліміздің керегесі берік, шаңырағы биік, қуанышты күндеріміз қашанда көп болсын!

 

Р. Маханов, №3 Аршалы орта мектебінің мұғалімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер