BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Апалы-сіңлілі лауреаттар

Көкшетау қаласында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығына орайластырылған облыстық байқау өтті. Біздің ауданнан Жібек жолы ауылдық округінің апалы-сіңлілі Дильмандар дуэты қатысты. Олардың жетекшілері Нұрлан Рустемов. Облыстың барлық ау- дандарынан және Көкшетау қаласының оқу мекемелерінен 40 қатысушылар сайысқа түсті. Финалға 16-ы ғана өтті. Олардың ішінде алты қатысушы ғана Абай өлеңдерін орындаған еді. Біздің қыздарымыз Наташа мен Кристина «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тамаша орындап, лауреат атанды. Жүлделі орын ешкімге де бұйырмады. Облыстық байқаудың гала- концертін біздің қыздарымыз «Көзімнің қарасы» әнін орындап ашты. Құттықтаймыз! Сахна төрінде бұдан да биікке жете беріңдер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер