BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Достықтың кілті көңілде

 Құрметті оқырман. Сіздер газет бетінен Жібек жолы ауылының тұрғыны, ұлағатты ұстаз, әулеттің ақылшысы мен ұйытқысы, ең бастысы өміріндегі ұрпаққа қалсын деп есептеген тарихи мағлұматтарды қат-қаттап жи- нап, қағазға түсіріп, оқырманға ұсынып жүрген Ақшинеева Гүльфия туралы білесіздер. Бүгінгі наурыз мерекесіне орай шығарылып отырған газеттің түрлі- түсті болуына ықпал етіп, отбасылық қолдау жасатып отырған аяулы анаға ризамыз. Ата-баба қоныстанған, Жер қойнауы тым ыстық, Қалдырмайық иесіз деп, Жеңді түре кірістік. Жабай Тұрсынханұлы Ақшинеев 1998 жылдан бастап шаруа қожалығымен айналысуда. Жібек жолы ауылынан 5-6 шақырым жердегі Қарасу атанған жерді игеріп, астық егіп жылда тұрақты бір көрсеткішпен алға жылжып келеді. Жердің құнарлығы жақсы болмаса да кезінде ата-бабасының мекен етіп, жылқы ұстап, сонау Ерейментауға дейін жайылып жүретін үйір-үйір жылқыларының ізі қалған қасиетті жердің берекесін қайтадан енгізейін деген арманын іске асыру үшін ісін жалғап отыр. Осы уақытқа дейін жер жыртып,  тыңайтқыш салып, жақсы тұқыммен қамтып, жер құдіретін сезінетін отбасы, ағайындарымен бірге және ауылдастарынан шыққан үш механизатор жұмысшыларымен 460 гектар жерді игеріп келген еді. Шаруашылығында 2 комбайын, үш табанды трактор, екі МТЗ тракторы бар. Енді Елбасының дамыған мемлекеттер қатарынан орын алуымыз үшін отандық өнімдерімізді сапалы да мол дайындауымыз қажет. Ол үшін әрбір кәсіпкер, шаруа қожалығы мал басын арттырып, ет, сүт өнімдерін молайта түссе жақсы болар еді дегенін ұрандай ұстап, сол жердегі 400 гектар жерге мал шаруашылығын жандандыруды қолға алды. Қазірдің өзінде 20 жылқы, 50 шақты қой көз қуантуда. Жайылымдық жердің басына арнайы үй тұрғызылды. Бұл малшылардың жайлы үйде тұрып, мал шаруашылығын жақсы жүргізулері үшін жасалынып отырған жағдай. - Біздің тәуелсіз еліміздің жаһандық даму жолында ең бастысы отандық өнімдердің сапасы мықты болуы үшін де өнім өндірушілердің жағдайы жақсы болуы шарт екенін әрбір басшы біледі.Бұл шаруа қожалығының қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан «Достық» дүкені, «Достық» ТҚС-сы және «Достық» шаруа қожалығы атына сай достықты ту ұстап, бір мақсат пен бірлікте, бір-біріне деген жылулық пен сенімде істі дамытуда. Қазақстанда көп ұлттың өкілдері мекен етеді. Жібек жолында да талай ұлт өкілдері тұрып жатыр. Достықтың мәнін де мағынасын да олар біледі, - деген еді Жабай Тұрсынханұлының анасы Гүлфия апамыз. Тағы бір сөзінде бес ұл мен қызымның қашан да бастары қосылып, жер қадірін біліп жүрсін деген оймен өткен марқұм жолдасым Тұрсынханның да аманатын арқалап отырмын ғой. Аманатқа қиянат жасауға болмай- ды. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бұрынғылар айтқандай шыныменен жасыңа жас қосылып, шашыңа ақ түсе бастағанда –ақ соңыңа қарап, не істедім, ұрпағыма нені аманаттаймын деп ойланады екенсің. Мені жол- дасым Тұрсынхан оныншы сыныпты аяқтаған кезімде ұрлап кеткен еді. Жаспын ғой. Бірақ сезім де, махаббат та, сыйластық та, түсіністік те болды. Сол бір кездері үйімізге ат басын тіреген Жұмабек аға (Жұмабек Тәшенев пен жолдасым Тұрсынхан ағайындастар. Алтай руынан, біздің әулет Тоқбурадан тараса, Тәшеневтер Ақбурадан тараған) келді. Маған батасын берді, жолдасыма қарады да, оқуы керек. Білім басты ұстаным деді. Сол сөзден соң кешкі оқуға барып, ұстаздық жолға бастау алдым. Отыз бес жыл бала оқытып, міне зейнеткерлікте отырмын. Жолыма бағыт берген ағаға мың алғыс. Бүгінгі күні, яғни 20 наурызда ағамыз 100 жасқа келер еді. Жатқан жері торқа болсын. Қарасудың берекесі кірген сайын атамыз Ақшиней мен Жұмабек ағаның ол жердегі іздері күш бергендей әсерде боламын. Олардың алдында ұрпақтарының еңбектеніп жатқанына қуанамын. Атба- сарда тұрғанымызда Жұмабек аға бірнеше рет үйімізде қонақ болды. Бір келгенінде айы-күнім жақындап отырған едім, сәбидің аты Бекет болсын деп кетті. Сол кездері ат қоюда да көп мән бермейміз ғой. Бекет атасын- дай болсын деп кеткен екен ғой көреген ағамыз. Сол бір жер таласындағы ерлікке пара-пар мығым ісі мен нақты сөзі үшін көп түрткіге ілінген Ж.А.Тәшеневтің үйімізге келіп кетуінің өзі шу болатын. Соның салдарынан жолдасым Тұрсынханның да жұмысында көп кедергілер болды. Бәріне де төтеп бердік. Елі міне қазір ерлікке балап, Жұмабектей азаматтың атын асқақтатып жатыр ғой. Қуанамын. Жылдар өткен сайын аға есімі биіктеп келеді. Жылдар демекші мына бір себеттің оқиғасын айтып берейін деп сөреде тұрған себетті көрсетті. Аз кем 45 жылдық тарихы бар екен. 1970 жылы Сарыағаш шипажайында дем алдым. Сол жерде Жұмабек ағаның зайыбы Бәтес жейгеймен кездестім.Сөйлесе келе екеуіміз де Алексеевка ауданынан бір ауылдан болып шықтық. Он жас үлкендігі бар екен. Бір күні шипажайға Жұмабек аға келіп, мені фаеге шақырды. Әңгімелесіп отырып маған: Келін, мұғалімсің ғой, елге барған соң айта жүрерсің»,- деп өзінің өмір жолын баяндады. Балалық шағы Қарасу ауылында өткен екен. «ШКМ» (школа крестьянской молодежи) бастауыш 2-3 сыныпты оқыған, 13-15 жасында мұғалім болған. «Ликбез» деген оқу шығып, ауылдың балаларын, әсіресе қыз балаларды оқытуға ата-аналарының рұқсатын алу қиынға түскен екен. Қасына екі-үш көмекші алып ауылдарды аралап, бала жинаған екен. Бабай, Қойгелді, Күйгенжар, Береке, Қарасу, Танакөлден және тағы бір ауылдардан жиналған оншақты балаға дәріс берген. Содан кейін комсомол деген шығып, комсомолдық ұйымның хатшысы болған. Сол кездерде алғашқы болып комсомолға өткен қыздардың ішінде Алтынбекова Қайнекеш еді деп есіне алды. Ол кісі 85 жасында осы Жібек жолында тұрып, о дүниелік бол- ды. Жатқан жері жарық болсын. Бабай ауылында «Қызыл киіз үй» ашқан, жастарды білім алуға тартқан, анасының қызыл атлас көйлегінен ұран жазып , киіз үйдің төбесіне қызыл туды да көтерген екен. Белсенді жастарды алға тартқан азамат. Күйгенжар ауылынан орыстар МТС ашыпты (машинно-тракторная станция). Қазақ балала- рын техникаға қабілеті жоқ деп алмай қойғанда, басшыларымен сөйлесіп, 5-6 қазақ жігітін қостырған екен. Сол жігіттер кейінірек темір тұрпардың құлағында ойнаған білікті де әдісті механизаторлар болып шығыпты. Сол бір кезін ойлап біраз терең ойға шомылды сонда аға. Ауыр ой, мұң, неге деген сауал жүрек түкпірінде тұрды ғой маза бермей. Әттеген-ай. Нардай қазақ ұлына тағдырдың ауыр жүгін арқалатып, қашан қайысады екен деп күтіп тұрған заман –ай. Алайда аға өзінің өр тұлғасын бір сәтке де төмендетпеді. Қасқайып тұрған нар тұлғасы, ойлы сөзі, жалынды көзқарасы, мығым ісі есімнен кеткен емес. Әсіресе сол күні ағынан жарылып: елімді сағындым, жерімді сағындым. Бала кездегі Танакөл мен Қарасудың қара балығы –ай! Көлдегі қаз-үйрегі-ай! Белден асқан жұпар иісті шүйгін шөбі-ай! – деп кең дем алып, ілезде, мен өкінбеймін. Жұмысымнан айырылсам да елімнің жерін сақтап қалуға ықпал болдым. Халық мені түсінеді, мені шын көңілдерімен қарсы алып жатады, сыйлайды. Бұл нағыз бақыт емес пе?, - деген еді. Міне, осындай ағамыздың өз иелігімізде жеріміздің қалуына қосқан үлесін, салған жігерлі ісіне қалайша риза болмаймыз. Қалайша осы жерді құрметтеп, әрбір ұлтарақтай жерінің қасиетін бағаламаймыз. Жердің иесі де киесі де болады. Бізге аманатталған жерімізді дұрыс пайдалануымыз керек деген ақылыма құлақ салған балаларыма ризамын деді Гүлфия апай. Сол күні Жұмабек аға осы себетке толы шие алып келген екен. Шиесін сол жерде жеп қойғанымен осы уақытқа дейін «шие толы себет» атанған бұл ескінің көзі болып төрден орын алыпты. Ал Гүлфия апамыздың балалары ата-бабаларының жерін қайтадан мал мен астыққа толтырып, балаларын да жер қойнауында еңбек етуге баулып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін ата кәсіптің барлығына да береке боларына үлкен сеніммен еңбек етуде. Ынтымақ пен бірлік бар жерде береке бар. Өңіріміз өңді болуы үшін, көңіліміз бен ісіміз мәнді болсын қарағым деген ананың ақ тілегіне әрине балалары да немерелері де құлақ асары анық. Қазіргі таңда 13 немере мен төрт шөберенің қызығын қызықтап отырған Гүлфия апамызға Елбасының «Отбасылық кәсіпті дамыту қоғамдағы үлкен мақсат» деген тапсырмасына орай, балаларына бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесші болып отырғаны үшін алғыс білдіреміз. Немерелерінің ер жетіп қалғандары қашан да әкелерімен бірге егіндік алқабында жұмыс жасап, нанның қалай дастарханға келіп түсер жолындағы ауыр еңбекті көздерімен көріп, қолдарымен жасап, бойларын- да жерге деген махаббатты сіңіріп өсіп келеді. «Достық» шаруа қожалығының атына заты сай құшағы кең жайылған, жерінен астық төгілген, малдарынан жер қайысқан мықты шаруашылық болуына тілек білдіреміз.

 

М. Ажықанова. Суретте: «Достық» шаруа қожалығы қасиетті Қарасуды жандандырды


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
27 Қазан 2018, 17:17
БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ КІМДЕ?
Пікірлер