«Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» - Мұрағат|06 Наурыз 2015, 11:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар»

«Əлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл толуына орай қаламыздың мектептері мен Ақтау кентіндегі мектептің 8 сынып оқушыларының арасында зияткерлік сайыс болып өтті. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат – жасөспірімдердің бойына отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың Қазақстан Республикасының рәміздерін, қазақ халқының тарихын білуге және құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Өзара бақ сынасуға әрбірі 5 ойыншыдан құралған 9 топ қатысты.Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды, бірінші кезеңде топтар өздерін таныстырса, екінші кезеңде әр топты бастап келген топ басшылары викториналық сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңнің шарты бойынша берілген бірнеше тапсырмаларды топпен орындай отырып, «Бірлік бар жерде тірлік бар» екенін дәлелдей білді. Шараның төртінші кезеңінде оқушылар үй тапсырмасы бойынша «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына дайындап келген слайд, плакат, буклет, газеттерінің тұсаукесерін жасады. Шара қорытындысында І орын ды Ақтау кентіндегі №29 ор та мектеп, ІІ орынды №9 мектеплицейі, №17 орта мектеп, ІІІ орынды №1 гимназия мен №10 орта мектеп топтары қанжығасына байласа, №8 мектеп «Білімділер», №4 мектеп «Білгірлер», №5 мектеп «Тапқырлар», №31 мектеп «Белсенділер» аталымдары бойынша марапатталды. Қатысушы лар мен топтарды дайындап алып келген мұғалімдерге мадақтамалар мен сыйлықтар тарту етілді. Сайыс соңында қаламыздың бас ақыны Қасым Ботанов өскелең ұрпаққа ризашылығын білдіріп, игі тілегін арнады.

 

Ботагөз БЕЛГІБАЕВА, «Əлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер