BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балаңды теледидар да тәрбиелейді

 Бүгінде өркениет жетіс-тігі өмірімізге дендеп енді. Әсіресе уақыт өткізу үшін көпшілік қызықтайтын нәрсе көп. Әр үйде 100-ден астам арнаны қабылдайтын сандық теледидар, одан қалды ғаламтор желісі бар. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны тәрізді оның зиянды жақтарын да сезініп жатырмыз.

 
Кез-келген арнадан берілетін бейнекөрсетілімдер, ғаламтор желісінің өнім-дері – адамдарға белгілі бір ақпарат жеткізетіні мәлім. Ал сол ақпараттың бәрі пайдалы ма? Әрине, жоқ. Кей жағдайларда оның кері әсері көп. Әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан бала санасына теріс түсінік түзетін тұстары жетерлік.
Мысалы белгілі "Том мен Джери" мультфильмін алайық. Біздің түсінігімізде  тышқан – кеміргіш,  зиянкес тіршілік иесіне жатады. Ал мысық  үй жануары, осы зиянкестен қорғайтын адамның досы екені мәлім. Бірақ мультфильм-де тышқан жағымды кейіпкер есебінде, көрушінің оған деген аяушылық сезімін тудырады. Мысық керісінше зорлықшыл кейіпкер ретінде көрсетіледі. Бұл аздай екеуінің бірін-бірі қуалап жүріп қиратпаған дүниесі қалмайды. Олар үшін ештеңенің де қадірі жоқ, жиюлы дү-ниені  жау  шапқандай  етіп талқандап,  тіпті  үйдің де тас-тал-қанын шығарып қирату түк емес. Үй салу, кез-келген мүлік-ті жасап шығару үлкен еңбекті талап ететіні мәлім.  Ал мынадай мультфильмді тамашалаған баланың санасында адам еңбегін  қадірлеу туралы түсініктің қа-лыптасуы да қиын.   Сондай-ақ ке-міргіш тышқанды жағымды етіп көрсету арқылы жаман мен жақсының орнын алмастырып, баланың дүниетанымын адастырады. Тере берсең мұндай мысалдар жетерлік.
Батыс Еуропа мен мұхиттың аржағында түсірілген киноөндірісінің де бала танымына кері әсері көп. Мұндағы кейіпкерлер көбіне бір-біріне тамақ атысып ойнайды. Торт көрсе оған міндетті түрде бастарын батырады. Тіпті қазан толы сорпаға шомылатын фильмдері де бар. Асты қорлау, "Биікте тұрған нанды ая-ғыңның астына құран кітабын қойып алуға болады" дейтін біз-дің қазақ халқының түсінігіне барынша жат нәрсе.  Ас – өмірдің арқауы, сондықтан ол киелі нәрсе. Кезінде бір тілім нанға зар болып, қанша халықтың аштан қырылғаны туралы айпасақ та белгілі.  Ал сондай зұлматтың бастауында ешнәрсені қадірлей, қастерлей білмейтіндер тұрады.
Бұдан шығатын қорытынды – біз ересектер, баланың көрермендік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Бала еш қадағалаусыз, өзі қалаған уақытта немесе тіпті таңертеңнен кешке дейін теледидар алдында, болмаса компьютер алдында отырмауы тиіс. Олардың теледидар қарайтын уақытын, көруі тиіс бағдарламаларын ұстаз бен ата-ана біріге отырып белгілегені жөн. Ал  ғаламторды  пайдаланғанда тек пайдалы, тәрбиелік мәні бар ақпараттар алуын бақылауда ұстаған абзал. Сонда ғана ұрпағымызды зиянды ақпараттардан сақтандыра аламыз. 
 
Базаркүл Әбдібекова,
Қазанбасы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Әулиекөл ауданы.
kostanaytany.kz

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер