BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұнысы несі?

 Менің осы хатымды Қостанай қаласының басшылары оқыса деймін. Жылда Жаңа жыл жақындағанда бір, бір жарым ай бұрын қала билігі барлық мекеме-ұйымдарға, кәсіпорын-фирмаларға, жалпы тұрғындарға өзі тұрған үйлерді жаңа жылға лайық безендіруді талап етіп, тіпті конкурс жариялап ең үздік безендіргендерге жеңімпаз деп танып, жүлде тапсырып жатады. Жаңа жылды пырдай етіп от шашумен,түрлі ойын-сауықпен думандатып тойлайды. Ал енді, тойлайды да, не ойлайды? Ештеңе. Сол ақша қарлы әшекей, түрлі-түсті "Жаңа жылыңызбен!", "С Новым годом!" жазу міне әлі күнге дейін кез-келген жерде, көшеде ілулі тұр. кала 1Жаңа жыл келіп болғалы екі ай өтті, "ау, бұларың не, алып тастаңдар, енді мемлекетіміздің төл мерекесі, төл жаңа жылы – Наурыз мейрамы жақындады,соған дайындалайық!" дейтін бір пенденің болмауы таңқалдырады. Бұл не деген нем-құрайлылық! Бұл не деген намыссыздық! Қаңтардағы жаңа жыл дегенде жапырыла-жыртыла қалатын биліктің енді небәрі жиырма шақты күн қалған Наурыз мерекесі туралы неге тым-тырыс, неге үні шықпайды? Әлде "Жаңа жылыңызбен!", "С Новым годом! " деген бұрынғы жазуларға наурыз нақыштарын жапсырып жіберсе жеткілікті дейтін шығар.
Құрметті редакция, мені таңдандыратыны – ән- шейінде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін зиялы қауым, ақын-жазушылар, белсенді депутат мырзалар, атақты да абзал ардагерлер Наурыз мейрамы туралы билікке барып, осы келеңсіздікті батыл айтпайды, әлде намыс-жігері құм болып кеткені ме?! Ұлтжандылардың ұлтжандылығы қайда қалды?
Сонымен, ескі жаңа жыл тұғырдан түсер емес, жаңа Наурызға дайындық жоқ, мұнысы несі?
Оқырман, сіздер не дейсіздер?

Айдар АЛПЫСОВ,
Қостанай қаласының тұрғыны


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2016, 17:58
Әдіскердің мұнысы қалай?
Пікірлер