BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТТЕР - ЗОР

 10 ақпан күні аудандық мәдениет үйінде Абай қаласының әкімі Сапар Қайыркенұлы Сатаевтың халық алдында 2014 жылы атқарылған маңызды жұмыстар бойынша және 2015 жылға қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы есептік кездесуі өтті. Жиынға Абай ауданының әкімі С.Ж.Шайдаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.А.Цай, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Қала әкімінің баяндамасын бірнеше слайдтармен және әртүрлі кестелермен бейне экраннан көрсетіп тұрды. Тұрғындарды әлеуметтік саланың дамуымен таныстырды, бұрынғы жылдарға қарағанда жұмыссыздардың саны 1,1 % азайғанын байқадық. 2014 жылы 420 адам жұмысқа орналыстырылған, 129 адам кәсіптік оқуға жіберілген. Шағын және орта кәсіп өз деңгейінде дамып келеді. Биылғы жылға 170 адам жұмыс істейтін 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Абай қаласында «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Аталған жобаның екінші бағыты бойынша 95 млн. теңге бөлініп, пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру үшін 4 жобаға бағытталған. 8 млн теңге көлемінде Үйлестіру Кеңесінің шешімімен 3 жобаға грант бөлінді. 2015 жылы республикалық бюджеттен, несиелендіру мен грандқа қаражат қарастырылу жоспарлануда. Сонымен қатар баяндамасында білім саласының дамуы жайлы сөз етті. Бұл салада бірнеше оқу орындарында және балабақшада материалды – техникалық базаны нығайту жүргізіліп келеді. Ең басты көңіл бұқаралық спортқа және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бөлінеді. Сол сияқты қала әкімі денсаулық сақтауды және мәдениетті дамыту туралы айтып берді. 2014 жылы «Жігер» стадионында ролледром мен жазғы бассейн ашылған болатын. «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 109 млн. 300 мың теңгеге Калина көшесінде және Жеңіс даңғылында жаяу жүргінші жолдарын жөндеді. Аудандық бюджеттен 142 млн. 837 мың теңгеге Абай қаласында 5 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биылғы жылы жергілікті бюджеттен 8 млн. теңге бөлініп, қалалық саябақты қайта жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. Жоғарыда атап кеткен бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы бос тұрған 19 үй бұзылып, 2015 жылы осындай 15 үй бұзылмақшы. Былтырғы жылы Школьная көшесіндегі 87 үйдегі 12 пәтер жөнделіп, бірнеше отбасы қоныс тойын тойлады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 9 қабатты екі үй және жекеменшік үйлер салуға жобалық – сметалық құжат жасалынды. Сапар Қайыркенұлы жылу беру маусымында құбырларды тазалау және су жіберу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Промышленная көшесінде жылу жүйесі өтетін 5,9 км көлемінде құбыр магистралі жасалды. ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арнап қалалық саябақты безендіруге 110 млн. теңге қаржы беріліп, соғыс ардагерлеріне монумент орнатылмақ. 2014 жылы «ТҮКШ модернизациялау 2011 – 2020 жылдары» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен Абай ауданына 29 млн. 054 мың теңге бөлінген болатын. Оған 3 қабатты үй жөндеуден өтіпті. Осылай қала әкімі атқарылған жұмыстар туралы және алға қойған мақсаттары туралы тұрғындармен жан – жақты таныстырды. Соңында жиналған қауым әкімге көкейкесті сұрақтарын қойды. Қаламызда балабақшаның санын аз екенін тілге тиек етті. Алдағы жылдары балабақша салу жоспарда бар екендігін айтты. Бірақ бұл жобаны қарастырып жатқандығын айтты. Одан кейін денсаулық сақтау саласы бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. Аудан әкімі бұл мәселені бақылауға алынып, қатаң қадағалайтынын ескертті. Сонымен қатар көшелердегі бағдаршамдар және жол белгілері туралы сөз болды. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен бағдаршамға қаражат бөлініп, бұл жайында жұмыстар жасалынатынын айтты. Сол сияқты жаңа жылдың келуімен ауданымызда электр жүйесі қымбаттады. Бұл жайлы да тұрғындар сұрақтар қойды. Аталған мәселенің сотта қаралып жатқандығын айтып, алдағы уақытта шешіміні табатындығына уәде етті. Жиналған қала тұрғындарының сұрақтарының бәрі бақылауда болатындығын ескертті. Қала басшысы жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен қабылдап, бар күшін аямайтындығын, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші халықпен бірігіп жұмыс жасайтынын баса айтты.


Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер