BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кездесу кеші әсерлі өтті

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын С. Тұрғынбекұлымен кездесу кеші өткізілді.

Кездесуде арқалы ақын ақтарыла сыр шертіп, сезімге толы жыр жолдарына да ерік берді. Колледж шәкірттері ақиық ағаларына көкейдегі сауалдарын қойып, әдебиет тұлғасының өмір жолына кеңінен қанықты.
Кездесуде Серік Тұрғынбекұлы өзінің  Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бойынша Астана қаласындағы "Фолиант" баспасынан жарық көрген екі томдық таңдамалы жыр жинақтарын колледж кітапханасына тарту етті.   
  14                                                                                                           
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер