Ұстаздық ету - ұлы жол - Мұрағат|05 Ақпан 2015, 18:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұстаздық ету - ұлы жол

«Ұстаз....жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.... мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар- намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына әділ. Жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болу керек еді», -дейді Әл Фараби. Дананың дара сөзі тегін айтылмаған. Ұстаз жолы – ауыр жол. Осы бір ұлағатты сөзді ұстаздардың қайсысына болсақ та артық емес, дегенмен бұл сөзді еңбегіне қарай құрмет, өнегесіне қарай сый – ізет көріп жүрген ұстаздардың бірі Шүкірлік негізгі мектебінің орыс тілі және тех- нология пәнінің мұғалімі Қасымова Анаргүл Ермекқызының болмысына сай келетін сияқты. Анаргүл мұғалім 1996 жылдан бастап ауылымызда жазғы лагерь тәлемгері болып, одан кейін 2001 жылы мектебімізде тех- нология пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Бұл жұмысында қолының қаншалық шебер және өнерлі екенің және біздің ата – бабамыздан келе жатқан өнердің бәрін дәріптеп, бізге тек білім емес, ұлттық тәрбиеге тәрбиеледі деп айтсам арттық кетпеспін. Айта кетсек: тоқыманың алуан түрлері, попьемаше, гравюра, тамақтың түрлері т.б. Қазіргі таңда да осының әлі күнге дейін шәкірттеріне үйретуден жалықпай еңбек етуде. Ал 2004 жылдан орыс тілі пәнінен мұғалім болып жұмысын жалғастырды. «Кісінің шырайына қарама, райына қара» деген ата сөзі бар. Анаргүл ұстазымыздың өнегесі бойына біткен, өзіндік мейрімділігімен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді «Үлкен кісі иіліп тұрса, кіші үйіріліп тұрады» деп қазақ бекер айтпаған. Ұстаз мерейі әрқашан биік. Бүгінде ұлағатты ұстазымыздың білім саласын- да еңбек еткенінен жиырма жыл жыл- дай уақыт өтті, бұл ізденуге, өмірде өз орнын табуға, жалықпай үйренуге және сол білімін, рухани байлығын шәкірт бойына сіңіруге арналған жылдар еді. Жас ұрпақтың білімді ғана емес, өнегелі де өнерлі болып өсуіне үлкен мән бер- ген ұстаз. Нағыз кісілік қасиеттердің бойына жинақталған, шуағын шашып жүретін Анаргүл Ермекқызы ешқашан жұмыстан жалықпаған. Ұстазымыздың алдына барсаң, ақылын аямайды, үйретуден жалықпайды. Көп құрметтісі «Ұстаздық ету - ұлы жол» екенін дәлелдеп келеді. «Адамның адамшылығы - ата-ана мен ұстаздардан басталады», - деген екен ұлы Абай атамыз. Сондықтан адамның бар қуанышы өмір бойы еңбек етуі. Анаргүл ұстазымызға тілейтінім отбасыңыздан бақ-береке кетпесін, ұстаздық еңбегіңізде тек қана биіктен көріне беріңіз- дей отыра, өзім де сіздің жолыңызды қуып Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжін аяқтап, ұзтаздық жолға аяқ бассам деймін.

 

Айжанат ЖАНБОЛАТОВА, шәкірті, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің студенті 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер