Жеңіске жеткен Әмір - Мұрағат|05 Ақпан 2015, 18:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жеңіске жеткен Әмір

 Баланың сөйлеу тілі – балабақшадан басталып, одан әрі даярлық тобында және бастауыш сыныптарында толық дами бастайды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта баланың сөйлеу тілінің дамымауы – дыбыстарды дұрыс айта алмауының салдарынан. Сөздік қорының өте аз болуымен қатар тіл кемістігі бар балалардың саны көп. Соған орай Петропавл қаласында өткен «Білімпаз» сайысына логопедиялық сабаққа қатысатын 3-сынып оқушысы Табылды Әмір қатысты. Бала партфолио дайындап, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен тест тапсырды. Сайысқа қатысқан 30 баланың ішінен жас болса да Әмір оза шауып, 3 орынға қол жеткізгені біз үшін үлкен мақтаныш. Әмірге ІІІ дәрежелі диплом және сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта Әмірге тек жеңіске жете бер демекпін.


Айман АЛҒОЖИНА,

Саумалкөл қазақ ОМ-нің логопед-ұстазы.

* * *

Әр ата-ана өз баласының әр қадамына қуанады, жеңіске жетіп жатса тіпті қуанышында шек болмай мақтанады. Баласының әр ісіне қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Сол себепті Саумалкөл қазақ орта мектебінің логопед-ұстазы Алгожина Айман Сайлаубайқызы біздің баламыз Табылды Әмірге жетекшілік етіп, облыс деңгейіндегі сайысқа дайындады. Облыстық «Білімпаз» сайысында жеңіске жетіп ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталған баламыз үшін ризамыз. Жетекшісіне алғыс айтамыз.

Әмірдің ата-анасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер