BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Суретіңе лайк басып», Семья құрып жар - жар..

 Өмірімізді ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар тез арада жария болып, қоғамда қызу талқылауға түседі. Жедел ақпарат таратып, пікір алмасу, өз бағаңды беріп, достарыңмен бөлісу ғаламтор сыйлаған мүмкіндік. Бұл жағдайлар айтпасақ та түсінікті. XXI ғасырда өмір сүріп жатқан әр қайсымыздың бұдан бөлек, электронды екінші әлеміміз бар. Өзіндік бір мәдениеті мен тәртібі, өмір сүру ережесі қалыптасқан әлеуметтік желілер алыстағыны жақындатып, кейде жақынымызды алыстатып та жібереді. «Вконтакте», «WhatsApp», «mail.ru», «Facebook », «Twitter », «Instagram», бұл – әлеуметте әл-ауқаты зор байланыс желілері. Адамзаттың бір-бірімен жылдам хабар алмасып, ой бөлісулеріне арналған бағдарламалар. Бүгінде осы әлеуметтік желілер интернеттегі барлық сайттарды басып озып, көп қаралатын, сұранысқа ие, кең көлемде қолданылатын үздіктердің көшін бастап тұр. Сырт көзге алып қарасақ өте тиімді, ыңғайлы нәрсе. Алайда, талайлардың тұрмысына сіңіп, күнделікті жұмысқа айналған бұл бағдарламалар алтын уақытты ұрлап, адамның жеке бойындағы қабілеттерін азайтып, мүмкіндіктерін мүмкін емес қылып жіберді. Бұған себеп, жастар арасындағы, яғни интернетті көп қолданатын жастар болғандықтан, мәселе де сол ортадан шығып отыр. Жасөспірімдердің жастық шағы ұялы телефон мен компьютерге үңілумен өтіп жатыр. «Не істеп, не қойғандарын? Не жеп, кіммен қайда жүргендерін?» достарына суретке түсіріп жіберіп, хабарлап отырады. Белі бесіктен шықпаған бүлдіршіндер «Мой мирден» парақша ашып, кісі жағасын ұстатар әңгімелер айтады. Жан түршігер суреттер мен бейнежазбалар осылардың көмегімен тез тарап, жас буын психологиясын бұзып жүр. Ал енді біреулері ғаламның ғаламат сезімі махаббатты ғаламтордан тауып, отбасын да құрып жатады. Жеке парақшасына салынған, фотошоппен өңделген суреттері шын бейнесін, ішкі дүниесін көрсетпесі анық. Ертеректе сезім білдірудің алғашқы қадамы хат жазу болса, қазіргінікі әдемі суреттеріне «лайк» басу, яғни ұнатқаныңды суретіне баға берумен сездіресің. Содан «достық жіберіп», танысып, ғашық болып, шаңырақ көтеріп әжептәуір отбасы болады. Немерелеріне интернеттегі парақшаларын көрсетіп, қалай танысқандарын айтуы да ғажап емес. Айтарға уәж болмас еді, егер шөптің басы қозғалмаса. Бұл жанұялардың босағасынан жел соғатын сияқты. Белгілі ақпараттарға сүйенсек, бұндай отбасылар ұзақ жара- са қоймаған. Соңғы жылдардағы статистика бойынша әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, ал соңғы 10- 15 жылдар аралығында туылғандардың 96 пайызы осы әлеуметтік желілерде әңгімелеседі, пайдаланады. Отбасының шырқын бұзған да, жалған ақпарат таратушылардың да, жалғыз ғана емі - әлеуметтік желі. Сол арқылы үйлі- баранды болады. Алайда олардың дені дұрыс таңдау жасамағандарына өкініп жүр. Өтірікке тәрбиелейтін де осы жер. Мысалы «мен мынадай оқу орнында оқимын, мынадай үйім, мынадай машинам бар» деп жаза салатындарға сеніп қалатындарды қай топқа жатқызамыз? Үйленгендердің ажырасуының 30 пайызы осы әлеуметтік желілердің кесірінен екен. Оксфорд университетінің профессоры Сьюзан Гринфилдтің ойынша, әлеуметтік желілердің кесірінен отбасындағы қарым-қатынас бұзылады. Ата-ана мен бала арасындағы қатынастың 36 пайызы әлеуметтік желілердің салдарынан бұзылады екен. Оған қоса жыл сайын ғаламда шамамен 100 адам өзінің қалдырған хаты үшін өз-өзіне қол жұмсап, өмірлерімен қош айтысыпты. Өзіміз білетіндей, бүгінгі таңда Facebook әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі болып табылады. Соңғы статистика бойынша, ғаламның 350 миллионнан астам адамы тәуелділік синдромына ұшыраған. Және де олар тек виртуалды достарымен ғана қарым-қатынас жасайды, әңгімелеседі. Facebook-ке тіркелген әйел қауымының 85 пайызы шынайы өмірдегі достарынан шаршаған. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдардың көбісі осы әлеуметтік желілерге күніне 6 сағаттан көп уақытын бөледі. Айта кетсек, әр түрлі жастағы адамдарды өзіне баурап, тәуелді еткен Вконтакте әлеуметтік желісі Қазақстан, Ресей, Белорусь, Украина сияқты елдерде өте танымал. Бұл жерде тек әңгімелесіп қана қоймай, кино қарауға, музыка тыңдауға, соңғы жаңалықтардан хабардар болып отыруға болады. Соңғы жылдардың көрсеткіші бойынша осы әлеуметтік желіні 175 миллионнан аса адам қолданады екен.(http://baq.kz/) Ең сорақысы сол, кездесе алмаған ғашықтар тағы да бір әлеуметтік желі «Skype»-пен некелерін қиып та жұртшылықты таң қалдырды. Тікелей байланыс құрып, бейнебаян жасайтын бұл желі екі жақты осылай да табыстыра алады. Кешкі асты дастархан үстінде Skype-тағы әйелімізбен ішпесек болғаны...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер