BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аралбай ауылындағы жүздесу

Қостанай қаласының тұрғыны, Торғай селосы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі ақын, бірнеше поэзиялық және прозалық кітаптардың авторы, республиканың мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұ-қатов өзі өскен, оқыған Жанкелдин ауданы, Аралбай ауылында-ғы Жанкелдин орта мектебінде оқушы, ұстаздармен, зейнеткер қарттармен жүздесті. Жылы шырайдағы кездесу барысында ақын құбылмалы коғам, адамдардың өзгеріске ұшыраған жан дүниесі, туған жер жайлы жаңа жырларын оқып, жұртшылық сауалдарына жауап берді.
prev62699639-654Ауыл, мектеп кітапханасына "Ой отауда оңаша'', "Көкірек көзбен көргендерім'', "Бекзат аға,Санжар іні" деп аталатын кітаптарының бірнешеуін сыйға тартты. Қаламгерге Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров ізгі лебіз білдірді. Ауыл әкімі Қойшыбек Нүридденұлы жерлес ақын Нағашыбай Мұқатовты 65 жасқа толуымен құттықтап, оған зор денсаулық, шалқар шабыт тілеп, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты.

 

(Өз тілшіміз)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер